Жетісу облысында жүк көлігі мен электр пойызы соқтығысты

0
342

Компания мамандарының айтуынша, оқиғаға КамАз жүргізушісі себепкер болған.


Жетісу облысында жүк көлігі мен электр пойызы соқтығысты

ERNUR.KZ. Жетісу облысында КамАз жүк көлігі мен электр пойызы соқтығысты, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 24 шілдеде сағат 10:50-де болған. Қала маңына жүретін электр пойызы мен КамАз соқтығысқан.
"Бескөл - Достық учаскесіндегі теміржол өткелінде КамАз автокөлігінің жүргізушісі электр пойызымен соқтығысты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр", - дейді ведомство.
Компания мамандарының айтуынша, оқиғаға КамАз жүргізушісі себепкер болған.