Жезқазғанда 55 жастағы ер адам жасөспірім қыздың кеудесінен ұрған (видео)

0
1 030

Жағдай туралы қыздың анасы баяндап берді.


Жезқазғанда 55 жастағы ер адам жасөспірім қыздың кеудесінен ұрған (видео)

ERNUR.KZ. Жезқазған қаласында қоғамдық орындардың бірінде белгісіз ер адам 14 жасар қыздың кеудесінен ұрып кеткен, деп жазады stan.kz.

Аталған оқиға 7 қазан күні орын алған. Жағдай туралы қыздың анасы баяндап берді.

"Оқиға 7 қазан күні түстен кейін болды. Сол күні 14 жасар қызым әпкемнің қызымен бірге дүкен аралауға кеткен болатын. Жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқанда, кенет қарсы бағытта келе жатқан белгісіз ер адам қызымның кеуде тұсынан ұрып жіберіпті.

Қызымның айтуынша, ол мас болған. Бірақ мен олай ойламаймын. Видеодан оның селт етпей жүргенін анық байқауға болады. Біз видеоны жақын маңдағы дүкендердің бейнебақылау камераларынан алдық. Қызым шок күйінде болды. Сол сәтте оның қолында пышақ болғанда жағдай қалай болар еді. Елестетудің өзі қорқынышты. Бұл жағдай тағы да қайталана ма деп қорқамын", - деді қыздың анасы.

Ал Ұлытау облысының полиция департаменті 55 жастағы қала тұрғыны ұсталып, жағдай Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434 бабымен “Ұсақ бұзақылық” бойынша тіркеліп, сотқа жолданғанын хабарлады.