Жол апаты көбейді: Депутат "ақылды" бағдаршам жүйесін көптеп енгізуді ұсынды

0
522

Еліміздің ірі қалаларында жол кептелісі мен көлік апаты көбейді.


Жол апаты көбейді: Депутат

ERNUR.KZ. Елімізде жол апатынан жыл сайын шамамен екі мың адам ажал құшады. Оның ішінде кейінгі 5 жылда мыңнан аса жасөспірім қайтыс болған. Бұл туралы Сенат отырысында депутат Бибігүл Жексенбай айтты, деп жазады sputnik.kz.

Биыл 12 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Өткен аптада Алматы қаласында 3 адамның өмірін қиған автобус апаты мегаполистерге ортақ өзекті мәселені көрсетті. Осыған байланысты сенатор үкіметке сауал жолдап, онда қала қозғалысын басқарудың бірыңғай автоматты басқару тетігі мен "ақылды" бағдаршам жүйесін көптеп енгізуді ұсынды.
"Қоғамдық көліктерде қауіпсіздік мәселесі мүлде қарастырылмаған. Аялдамалардың көпшілігі көлік жолына тым жақын орналасқан. Мегаполистерде қоғамдық көлік тапшылығы аса өткір болып отыр", - дейді Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметі бойынша 2030 жылға қарай Астанада – 33 пайызға, яғни 1,7 млн адамға, Алматыда – 20 пайызға, 2 млн 466 мың адамға, Шымкентте – 32 пайызға, 1,5 млн дейін өседі. Бұл ел халқының төрттен біріне жуығы осы мегаполистерде шоғырланады деген сөз.