Жол ортасында ваннаға түскен: Алматы облысында пранк жасаған блогер қамауға алынды (видео)

0
383

Сот үкім шығарды.


Жол ортасында ваннаға түскен: Алматы облысында пранк жасаған блогер қамауға алынды (видео)

ERNUR.KZ. Алматы облысы Талғар ауданында жол ортасына көбік толы ваннаға шомылып, пранк жасаған блогерге сот үкімі шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Талғар аудандық сотында ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқада осындай әрекеттер) бойынша азамат Ә. қатысты әкімшілік іс қаралды.




«2024 жылдың 2 ақпанда сағат 20:00 шамасында азамат Ә. Талғар қаласы, Қонаев көшесінде аудандық әкімшілік ғимаратының алдында, жаяу жүргінші жолағының ортасына көбік толған ваннаны қойып, ішінде компот ішіп жатқан.
Азамат Ә. өзінің іс-әрекетімен жол жүргіншілерге кедергі келтіріп, қоғамдық орында айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi бұзған», - делінген хабарламада.

Құқық бұзушы Ә. кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасымен және оның түсініктемесімен толық дәлелденген.

«3 ақпандағы сот қаулысымен құқықбұзушы Ә. ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 (он бес) тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», - делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.