Жол ережесін бұзған полиция әріптесін өлтіріп алған

0
1 536

Жол апаты биыл қаңтардың 15-і күні қала сыртындағы айналмалы жолдардың бірінде болған. ТЭЦ-тан батальонға қызметтік көлікпен қайтып келе жатқан тәртіп сақшылары «Ивеко» маркалы көлігімен соқтығысып қалған екен.


Жол ережесін бұзған полиция әріптесін өлтіріп алған

Павлодарда бұрыңғы полиция аға сержанты 33 жастағы Амангелді КЕНЖЕТАЕВ Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 тармағы «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс- әрекет» бойынша айыпталуда деп хабарлайды zhasalash.kz.

Қызметтік көлігімен жол ережсін бұзған ол жол апатына ұшырап, қасындағы әріптесі қайтыс болған. Бүгін сот отырысы № 2 қалалық қылмыстық сотының судьясы Инна КАРКАДАНЫҢ төрағалығымен басталды.

Жол апаты биыл қаңтардың 15-і күні қала сыртындағы айналмалы жолдардың бірінде болған. ТЭЦ-тан батальонға қызметтік көлікпен қайтып келе жатқан тәртіп сақшылары «Ивеко» маркалы көлігімен соқтығысып қалған екен. Анықталғандай, көлікті тізгіндеген Амангелді Кенжетаев қарсы бағытқа шығып кетіп, жол ережесін бұзған. Жол апатынан жамбас сүйегін сындырып алса, жолаушы орындығында отырған әріптесі – Қуаныш ӘМЕНОВ ауруханаға жетіп көз жұмған екен.«Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс- әрекет» бабы бойынша айыпталған күдікті сот отырысында марқұмның ата-анасы мен әйелінен кешірім сұрады.

-Болған оқиғаға қатысты кешірім сұраймын. Көктайғаққа байланысты рөлге ие бола алмай қалдым. Көзімді ашсам, өзім сыртта жатыр екем. Қуаныш көлік ішінде болды. Оның қайтыс болғанын үш күннен соң ауруханада жатқанымда естідім, -дейді айыпталушы Амангелді Кенжетаев.

Аға сержант кінәсін толық мойындайтынын жеткізді. Көз жұмған майордың өзі 38 жаста болған екен. Қайғыдан қан жұтқан оның жақындары сотталушыдан бүгін 7 миллион теңге көлемінде моральдық шығын талап етті. Бұл іске қатысты келесі сот отырысы мамырдың 17-і күні болады.