Жол жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырып қойған шенеунік 8 жылға сотталды

0
253

Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 34,2 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.


Жол жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырып қойған шенеунік 8 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп жазады baq.kz.

Тараз қаласының прокуратурасы қала көшелерін жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының жымқырлғанын анықтады.

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы З. Тұрсынұлы және «АлматыМонтажСтрой» ЖШС директорының орынбасары Е. Шлеев қала көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 34,2 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған, - делінген хабарламада.

Осы факті бойынша Тараз қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (жымқыру) бойынша қылмыстық іс тіркеп, тергеп-тексеру облыстық прокуратурамен жүргізілді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Тараз қалалық №2 сотының 05.02.2024 жылғы үкімімен З.Тұрсынұлы мен Е.Шлеев Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды, - делінген Жамбыл облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.