Жүк көлігінен апиын ұрықтары жапсырылған теңгелер табылды

0
1 320

Ұсталған азамат айғақ заттарымен полиция бөлімінде


Жүк көлігінен апиын ұрықтары жапсырылған теңгелер табылды

ERNUR.KZ. Қостанай шекара отрядының «Қайрак-авто» бөлімшесінде, өткен түнде шекарашылар арнайы үйретілген қызметтік иттің «көрсетуімен», «Вольво» жүк көлігімен біздің елден Ресейге қарай кетіп бара жатқан 49 жастағы қазақстандықты ұстады, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл азаматты жеке алып шығып тексеру барысында оның құжаттар салынған папкасынан қою-жасыл түсті, иісі апиын ұрықтарына ұқсайтын, өсімдік текті түйіршіктермен жапсырыла көмкерілген екі жүз теңгелік монеталар табылды. Ұсталған азамат айғақ затымен бүгін түнгі бірлер шамасында Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.