Жұма намазы енді мешіт ішінде оқылады

0
750

Қазақстанда карантин жеңілдетіледі, соған байланысты жұма намазын мешіт ішінде оқуға рұқсат беріліп отыр.


Жұма намазы енді мешіт ішінде оқылады

ERNUR.KZ. 27 қыркүйектен бастап жұма намазы мешіт ішінде оқылады, деп жазады sputnik.kz.

Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.

27 қыркүйектен бастап жұма намазы жабық орын-жайларда оқылады. Алайда қызметкерлер мен келушілердің статусы Ashyq-та "қауіпсіз" болуға тиіс.

"Жасыл" аймақта тұрған өңірлерде мешіт ішінің адамдарға толуы 50 проценттен, "сары" аймақта 30%-тен, "қызыл" аймақта 20%-тен аспауы керек.

Қазір жұма намазы мешіт ауласында оқылып жүр.