Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруға өтінішті онлайн беруге болады

0
314

Оператормен сөйлесу барысында аталған барлық құжатты диалогтық терезеде тіркеу қарастырылған.


Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруға өтінішті онлайн беруге болады

ERNUR.KZ. Мамандар бұл уақыт үнемдеуге ǝрі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында адамдар ағынын азайтуға мүмкіндік береді деп отыр, деп жазады inbusiness.kz.

"Мобильді ХҚКО" қосымшасында жаңа қызмет пайда болды. Енді жүргізуші куǝлігін алғаш рет алатын азаматтар "Мобильді ХҚКО" қосымшасы арқылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына емтихан тапсыруға өтініш беріп, алдын ала кезекті брондай алатын болады.

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, ол үшін қолданушыға "Мобильді ХҚКО" қосымшасында "Бейне қызметті" таңдау керек. Бұл сервис қызмет алушыны алғашқы ақпаратты алу үшін МҚКО операторымен байланыстырады. Одан кейін клиентке мемлекеттік бажды төлеуге немесе алдын ала төленген түбіртекті ұсынуға мүмкіндік беріледі.

Төлем жасалғаннан кейін келесі құжаттар ұсынылуы тиіс:

- N 073/у формадағы медициналық анықтама;
- автомектепті аяқтағаны туралы куǝлік;
- қызмет алушының суретінің сканерленген нұсқалары жǝне талапқа сǝйкес қойылған қолтаңба.

Оператормен сөйлесу барысында аталған барлық құжатты диалогтық терезеде тіркеу қарастырылған. Бұдан бөлек азамат өтінішті сǝтті тапсырғаннан кейін, МХҚКО-ға алдын ала кезекті брондау үшін емтихан тапсыратын күн мен уақыт ұсынылатын болады деп көрсетілген.

Басқарма Төрағасы Сүйеніш Əбділдиннің сөзінше, бұрын емтихан тапсыратын азаматтар өтініш беру жǝне төлем жасау үшін МХҚКО-ға баруға міндеттелетін.

"Енді бұл қызметті үйден шықпай, онлайн алуға болады. Яғни, бейнеқоңырау арқылы өтініш беріп жǝне кезекті алдын-ала брондайды. Одан кейін клиент МХҚКО-ға бекітілген уақытта келіп, емтиханын тапсырып кете алады. Болашақта өтініш беру функциясын электронды порталға жǝне екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелеріне енгізу жоспарда бар" - деді Басқарма Төрағасы Сүйеніш Əбділдин.
Сервис eGov mobile қосымшасында да қолжетімлі. Ол үшін басты беттегі "БейнеХҚКО" батырмасын таңдау қажет.