Журналист Сандуғаш Дүйсенова полицияда жалаңаш видеоға түсірілгенін мәлімдеді: ПД жауабы

0
756

Әлеуметтік желілерде блогер әрі журналист Сандуғаш Дүйсенованың полиция бөлімінде жалаңаш күйде видеоға түсірілгені туралы ақпарат тараған болатын.


Журналист Сандуғаш Дүйсенова полицияда жалаңаш видеоға түсірілгенін мәлімдеді: ПД жауабы

ERNUR.KZ. Жетісу облыстық Полиция департаменті журналист Сандуғаш Дүйсенованың полицейлердің жалаңаш суретке түсргені туралы мәлімдемесіне жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.

"БАҚ-та және әлеуметтік желілерде азаматша Д. ұстау кезінде полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер орын алғаны туралы ақпарат тарап жатыр. 11 тамызда соттың санкциясымен соталды тергеп-тексеру аясында азаматша Д. жеке тінтуі жүргізілгенін хабарлаймыз. Жеке тінту рәсімі тергеуші, криминалист және екі куәгердің қатысуымен (барлығы тiнтілген адаммен бір жынысты) Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылды. Осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) қолдану міндетті және ҚПК-мен реттеледі" делінген Жетісу полициясы таратқан хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде блогер әрі журналист Сандуғаш Дүйсенованың полиция бөлімінде жалаңаш күйде видеоға түсірілгені туралы ақпарат тараған болатын.