"Жылына 42 млрд теңге": Назарбаев университеті үш жыл бойы бюджет есебінен қаржыландырылады

0
442

​Мемлекеттен бөлінген қаржыға мемлекеттік білім тапсырысы және мақсатты депозиттер кіреді.


ERNUR.KZ. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ол үшін алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Назарбаев университетіне өткен жылдағыдай шамамен 42 млрд теңге қаржы бөлеміз. Алдағы 3 жылда университетке қолдау көрсететін боламыз. Мемлекеттен бөлінген қаржыға мемлекеттік білім тапсырысы және мақсатты депозиттер кіреді. Сондықтан, алаңдаудың қажеті жоқ", - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, министр алдағы 3 жыл бойы бөлінетін қаржының бюджетте бекітілгенін айтты.

"2020 жылы Назарбаев университетін қаржыландыруға республикалық бюджеттен 55 243 246,6 мың теңге, 2021 жылы — 57 384 102,2 мың теңге, 2022 жылы — 45 038 666,7 мың теңге, ал 2023 жылы — 42 571 878,8 мың теңге бөлінді. Соңғы екі жылда қаржыландыру сомасы өткен жылдармен салыстырғанда азайды", - деді ведомство басшысы.