"Зорлық-зомбылық белгілері бар": Алматы облысында 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды

0
345

Екі күдікті ұсталды.


ERNUR.KZ. Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Өтеген батыр ауылында денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов атап өткендей, 26 желтоқсан күні Іле аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Өтеген батыр ауылындағы көшелердің бірінен ауыр дене жарақаттарымен 40 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылғаны туралы ақпарат түскен.

"Іле аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1993 және 2007 жылы туған екі күдікті анықталып, ұсталды. Олар өз қылмысын толық мойындап отыр. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде",- дейді департамент басшысы.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша тіркелді.

Күдіктілер заңнамада белгіленген тәртіппен қамауға алынды.