​1 стақан СУ + 1 дана ЛИМОН = іштің ӨТУІН тоқтатады

0
1 358

Өзі арзан, өзі пайдалы рецепт дертіңізге дауа болатынына сеніңіз.


​1 стақан СУ + 1 дана ЛИМОН = іштің ӨТУІН тоқтатады

иллюстрациялық фото: mykorus.ru

Іш өту – жеңіл қарайтын ауру емес. Әсіресе көкөністер мен жемістердің, қауын-қарбыздың піскен кезінде белең алатын бұл ауруға дер кезінде тұсау салу керек. Өйткені іштің өтуі асқазан, ішек, тамақ ауруларына әкеледі. Салдарынан салмағыңызды жоғалтып, бойыңызды әлсіздік билейді.

Іштің өтуін халықтық жолмен аз күнде-ақ емдеуге болатыны әлдеқашан дәлелденген. Сондықтан да дәріханаға жүгірмес бұрын мына емдік тәсілдерге көз жүгіртіңіз.


иллюстрациялық фото: zen.yandex.ru

КРАХМАЛ – іштің өтуін тоқтататын кез келген дәріні жолда қалдырады. Ол үшін 1/2 стақан қайнатылған жылы суға 1 шай қасық картоп крахмалын араластырасыз. Емдік қоспаны ішіп, жылы оранып жатыңыз. Ұзағымен 1 сағаттың ішінде оң нәтижесіне көз жеткізесіз.


ШАЙ – ішектегі бактерияны өлтіріп, инфекцияның көзін жояды. Бұған қол жеткізу үшін күніне 3 рет қою демделген шай ішесіз.


ПИЯЗДЫҢ ҚАБЫҒЫ – микробтармен керемет күресетін қасиетке ие. 1 литр суды ыдысқа құйып, отқа қойыңыз. Оған 2 дана пияздың қабығын саласыз. 5 минуттай қайнаған соң, отын өшіріп, тұндырып қойыңыз. Шамамен 30 минуттан соң тұнбаны қабатталған дәкенің көмегімен сүзіп алып, ішке қабылдайсыз. Емдік кереметі мол тұнба 3 күнде оң нәтижесін береді.


АНАР ҚАБЫҒЫ – ішектің микрофлорасын қалпына келтіріп, бактерияны жояды. Бойыңызға қуат береді.

иллюстрациялық фото: inamo.ru

Алдымен анардың қабығын ұсақтап алыңыз. Оның 2 ас қасығын 1 стақан қайнатылған жылы суға салып, отқа қоясыз. Жарты сағаттай қайнаған соң сүзіп алып, шыны ыдысқа құйыңыз. Емдік сусынды 2 ас қасықтан тамақтан алдын қабылдау керек.


МОЙЫЛ ЖИДЕГІ – ішектің жұмысын қалпына келтіріп, тәбетіңізді ашады. 1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық мойыл (черемуха) жидегін араластырып, ыдыстың бетін жауып қойыңыз. Шамамен 15 минуттан соң дайын болған салқын сусынды 1/4 стақаннан күні бойы ішіңіз.


ЕМЕН ҚАБЫҒЫ – ішектің микрофлорасын реттеп, жұмысына жеңілдік береді. Ол үшін дәріханада сатылатын емен қабығының дайын ұнтағын 1 стақан қайнаған суға араластырып, 10 минуттай тұндырып қоясыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан қабылдайсыз. Емделу мерзімі – тәулігіне 3 рет.


ЖАЛБЫЗ ТҰНБАСЫ – іштің өтуін емдейді әрі кекірікті тоқтатады. Жалбызды (мята) жақсылап ұсақтап алыңыз. Оның 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 30-40 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, ыдысқа құйыңыз. Ем ретінде күніне 2 рет аз жұтымнан ішесіз.


иллюстрациялық фото: kobieta.interia.pl

ЛИМОН ШЫРЫНЫ – жүректің айнығанын басады, құсықты тоқтатады, іштің өтуін емдейді. Ол үшін 250 мл қайнатылған жылы суға 1 ас қасық лимон шырынын араластырасыз. Дайын болған сусынды түтікше арқылы ішіңіз.

Түтікше тістің эмалын зақымдалудан сақтайды.


ҚАРА БҰРЫШ – ішектегі микробтармен күресіп, инфекцияны өлтіреді. Күніне 4-6 рет ірі қара бұрыштың 4-5 данасын сумен бірге жұтыңыз. Ал балалар үшін 2 данасы жеткілікті. Емді күніне 2-3 рет қайталау керек.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Аударған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚҰЛПЫНАЙДЫ күнде жегеннің бүйрегінде ТАС болмайды


СӘБІЗ бен ҚЫЗЫЛША шырыны АЛЛЕРГИЯЛЫҚ ТҮШКІРУДІ тоқтатады

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет