ҚҰЛПЫНАЙДЫ күнде жегеннің бүйрегінде ТАС болмайды

0
5 658

ҚҰЛПЫНАЙ - саулығыңызды сақтайды, ағзаңызды тазалайды, теріңізді жасартады. Қазір құлпынай қолжетімді бағада. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.


ҚҰЛПЫНАЙДЫ күнде жегеннің бүйрегінде ТАС болмайды

иллюстрациялық фото: blog.feelaliveuk.com

Құрамы С, К, РР және В тобындағы дәрумендер мен калий, кальций, фосфор, магний, натрий, мырыш, темір сияқты минералды заттарға бай құлпынайдың емдік қасиеті өте зор. Ол халық емінде бірнеше дертке дауа ретінде кеңінен қолданылады.


Атап айтқанда:

  • балалардағы іш өту мен қаназдық кезінде;
  • авитаминоз бен иммунитет төмендегенде;
  • жатырдан қан кеткенде;
  • жұтқыншағыңыз ауырып, аузыңыздан жағымсыз иіс шыққанда;
  • йод пен темір тапшылығында;
  • қант диабеті мен буыны ауыратындарға құлпынайды көбірек жеуге кеңес береміз.


Балғын құлпынай

иллюстрациялық фото: russianfood.org

  • Жүрек қан-тамыры ауыратындарға күніне 1 стақан балғын құлпынай жеуді ұсынамыз.
  • Бүйрегінде тасы бар науқастар күніне 300 гр. құлпынай жесе, тасы еріп түседі;
  • Экземадан зардап шеккендерге де құлпынай ем болады. Ол үшін балғын жемісті жараңызға жақсаңыз болғаны;
  • Артық салмақтан арылғысы келгендерге де құлпынай көмектесе алады.


Құлпынай шырыны

иллюстрациялық фото: 1zoom.ru

1. Егер күніне ашқарынға 50 мл құлпынай шырынын ішетін болсаңыз, өт ауруларының алдын аласыз. Осы емді құлпынайдың пісетін мезгілінде күн сайын үзбей қолдансаңыз, өтіңізге тас байланбайды, қисаймайды, толмайды әрі қабынбайды. Бар-жоғы 50 мл құлпынай шырыны өт ауруын түбегейлі ұмыттыратынына сеніңіз.

2. Ал егер күніне 3 рет тамақтанудан алдын құлпынай шырынын ішетін болсаңыз, бүйрегіңіздің саулығын ұзақ уақыт сақтай аласыз. Ол үшін 1 стақан жеміс шырынына 2-3 тамшы лимон шырыны мен жарты шай қасық қант қоссаңыз жеткілікті.


Құлпынай тұнбасы


иллюстрациялық фото: juicing-for-health.com

Микроб пен бактерияны өлтіріп, түрлі аурумен күресетін күш береді. Емдік қасиеті мол жеміс тұнбасымен ауыз қуысын, жұтқыншақты, тыныс жолдарын шаюға және несеп шығару жолдарын тазалау үшін ішке қабылдауға болады.


Тұнбаны дайындау үшін: таза піскен 5 дана құлпынайды 200 мл қайнаған суға салып, бетін мықтап жабасыз. Ыдысты сыртынан жылы орап, жарты сағаттай тұндырып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, тамағыңызды шайсаңыз жөтел әп-сәтте жазылады, ауыз қуысындағы жаралар, жағымсыз иістер кетеді. Ал егер бұл тұнбаны ішсеңіз, несеп жолдары тазаланып, кіші дәрет арқылы шлактан құтыласыз.


Құлпынай жапырағының тұнбасы – жүйкені аурудан қорғайды. Ол үшін 1 ас қасық ұнтақталған кепкен жапырақты 200 мл қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, жарты шай қасық балмен араластырыңыз. Дайын болған тұнбаны жылы күйінде күніне 3 рет ішу керек.

Бұл тұнба іш өткен кезде, тамақтан уланғанда, ішекке инфекция түскенде керемет ем болады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Аударған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ҚАННЫҢ ҚОЮЛАНУЫ қандай ҚАУІП тудырады?



СӘБІЗ бен ҚЫЗЫЛША шырыны АЛЛЕРГИЯЛЫҚ ТҮШКІРУДІ тоқтатады