Аяқ-қолыңыз ұйыса...

0
37 122

Қолдың ұюы жүйке жүйесі мен қан тамырлардың дұрыс жұмыс істемегенінен орын алады. Қолдың ұюы көбінесе компьютерде отырып тышқанмен жұмыс істегеннен болады екен. Сонымен қатар мойын омыртқасына тұз жиналғаннан да қолыңыз құрысады. Мұндай кезде міндетті түрде дәрігердің қабылдауында болғаныңыз жөн. Өйткені омыртқа дұрыс жұмыс істемесе мидағы қан айналу ісі бұзылып, соңында инсультке әкелуі мүмкін. Аяқ-қолдың ұюын халық емімен емдеуге болады.


Аяқ-қолыңыз ұйыса...

Қолдың ұюы жүйке жүйесі мен қан тамырлардың дұрыс жұмыс істемегенінен орын алады. Қолдың ұюы көбінесе компьютерде отырып тышқанмен жұмыс істегеннен болады екен. Сонымен қатар мойын омыртқасына тұз жиналғаннан да қолыңыз құрысады. Мұндай кезде міндетті түрде дәрігердің қабылдауында болғаныңыз жөн. Өйткені омыртқа дұрыс жұмыс істемесе мидағы қан айналу ісі бұзылып, соңында инсультке әкелуі мүмкін. Аяқ-қолдың ұюын халық емімен емдеуге болады.

* 3 дана тұздалған қиярды текше етіп турайсыз. 3 дана ащы қызыл бұрышты жақсылап ұнтақтап, жарты литр араққа саласыз. Оған туралған қиярды да салып, бетін жауып қараңғы жерге қоясыз. 7 күннен соң сүзіп алып, осы сұйықтықпен қолыңызды сүртесіз.

  • Асқабақты қабығынан аршып, ботқа болғанша пісіріңіз. Әбден езілген асқабақты иығыңыздан бастап қолыңызға жағасыз. Сосын жылы орамалмен орап қойыңыз. Ботқаны жылы күйінде жағасыз.
  • 1 литр араққа 1 ас қасық macтұзын, 15 гр. 10 пайыздық мүсәтір спиртін және 10 гр. камфор спиртін қосыңыз. Тұз ерігенше жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоспаны аяқ-қолдарыңызға жағасыз.
  • Қағанақ сазы мен алма сіркесуын (1:3) араластырып, 7 күнге тұндырып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны алып, күніне 3 рет саусақтарыңызға жағасыз.
  • 100 гр. қара бұрышқа 1 литр өсімдік майын құйып, баяу отқа қойыңыз. Тоқтаусыз араластырып тұрып, жарты сағат қайнатасыз. Майды оттан алып салқындатыңыз. Күнінебірнеше рет майды қолыңызға жағасыз.
  • 3 литр сарысуға 3 стақан талқандалған сарымсақ пен 1 стақан қант ұнтағын саласыз. Оған 1 шай қасық қаймақ салып, 2 айға бетін жауып күнтүспейтін жерге қоясыз. Белгіленген уақыттан соң ашыған қоспаны жақсылап араластырып, 50 мл-ден ішесіз.
  • Шамалап қызылша сабағын алып, орташа көлемдегі кастрөлге саласыз. Батқанша су құйып, баяу отта 20 минут қайнатасыз. Салқындаған қайнатпаны сүзіп алып, күніне 4 рет тамақтанудан алдын жарты стақаннан ішесіз.

Жаттығу жасаңыз

Ұйқыңыздан ояна салысымен төсегіңізден тұрып кетпей мынадай жаттығулар жасаңыз:

  • Аяқтарыңыздың саусақтарын қытырлағанша бүгіңіз. Оны 81 рет қайталайсыз.
  • Қолыңызды созып, 81 рет саусақтарыңызды ашып-жұмыңыз.
  • Бетіңізбен дуалға сүйеніп, аяқтарыңыздың ұшына қараңыз. Ал қолыңызды жоғары көтеріп, 60-қа дейін санаңыз.

Жаттығуды күніне 3 рет жасайсыз. Ал егер аяқ-қолдарыңыз ұюмен қатар ауыратын болса онда жаттығуды жиі жасауға тура келеді.

Дәрумен қабылдаңыз

Құрамында төмендегі дәрумендері бар тағамдарды тұтыныңыз:

  • В12 дәрумені. Оны еттен, жұмыртқадан, балықтан табасыз.
  • А дәрумені. Балық майы, сәбіз, қызыл түсті жемістер мен көктердің құрамынан кездестіре аласыз. Оған қоса өсімдік немесе сары майды қосып пайдалансаңыз, А дәрумені бойыңызға тезірек сіңеді.
  • Никотинді қышқыл. Ол жаңғақтың, брокколидің, астықтың барлық түрінің және бидай өскінінің құрамында кездеседі.