​Буға күйіп қалғанда ем болатын 9 әдіс

0
19 066

Мамандар шала күйген терінің жазылуы қиын дейді.


​Буға күйіп қалғанда ем болатын 9 әдіс

сурет:ymadam.ru

Мұндай жағдай ас үйде шаруасын істеп жүрген келіншектерде көбірек кездеседі. Сол кезде іле-шала осы емді жасасаңыз, жарақаттың тезірек жазылуына септігін тигізеді. Буға күйген жағдайда асүйдегі мына заттармен тез арада ем жасауға болады.

сурет:oglazax.ru

  • 1 дана шикі жұмыртқаның ақуызын көпіршітіп, күйген жерге жағыңыз;
  • 1 дана шикі картоп немесе сәбізді үккіштен өткізіп, 1 шай қасық балмен араластырып күйген теріге таңсаңыз, жарақаттың ізі де қалмайды;
  • 3 дана алоэ жапырағын сығып, сөлін аласыз. Сосын күйген теріге сіңдіріп жағып қойыңыз. Алоэ шырыны да терінің қалпына келуіне ықпал етеді;
  • 1 жапырақ жолжелкен (подорожник) немесе қырыққабатты салқын суға шайып алып, күйген теріге басасыз. Шамамен 10 минуттан соң компресті ала беруге болады. Осылайша күніне 3-4 рет қайталасаңыз, күйген теріде көрімсіз із қалмайды;
  • 100 гр. сары майға 20 гр. зығыр майы мен 100 гр. табиғи балды араластырыңыз. Оны ыдысымен ыстық суға салып, үздіксіз қозғап отырып 5 минуттай бұлау жасайсыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған мазьді жылы күйінде емге қолданасыз. Ол үшін қоспаның 1 шай қасығын дәкеге салып, таңып қоясыз. Емді тәулігіне 2 рет жүргізу керек;

сурет:lechimkozhy.ru

  • 4-5 рет қабатталған дәкеге айран салып, күйген теріге жағасыз. Емді тәулігіне 2 сағат сайын ауыстырып отыру керек;
  • Буға күйген теріге кәдімгі ұн да керемет көмектеседі. Ол үшін ұнды зақымдалған орынға жағасыз. Ауырғаны басылып, мазаңызды алмайды;
  • Кір сабынды үккіштен өткізіп күйген теріге таңсаңыз, қызарғаны кетіп, ауырғаны басылады.

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Үлкен дәретке уақытылы барасыз ба?



ЖӨТЕЛ үш күнде ЖАЗЫЛАДЫ