3 тәртіпті бұзбасаңыз, жөтелден 3 күнде құтыласыз.
сурет:666-a.ru
Ол үшін өзіңізді 3 тәртіпке бағындырыңыз:
- Уақытқа
- Ұқыптылыққа
- Сенімге
Міне, осы үш тәртіпті бұзбасаңыз, жөтелді 3 күнде емдейсіз.
- Ірі қара бұрыш – құрғақ жөтелдің жауы. Ол кеңірдекті емдейді, қақырықты жібітіп, сыртқа шығуға көмектеседі. Ол үшін:
сурет:ашық дереккөзден
2. 1 стақан ыстық сүтке 3-4 дана қара бұрышты араластырып қойыңыз. Шамамен 15-20 минуттан соң емдік сұйықтықты ішесіз.
3. 4-5 дана бұрышты, жұлдызшаны (гвоздика), даршынды (корица), кардамон мен 2 дана насыбайгүлді (базилик) ұнтақтайсыз. Оған 1 шай қасық зімбір ұнтағын араластырыңыз. Дайын болған қоспаны шәйнекке салып, үстіне қайнаған су құясыз. Хош иісті емдік шайды жөтелден жазылу үшін ішіңіз.
4. Бірдей көлемде қара бұрыш пен зімбірді араластырыңыз. Оны 5 мл сұйық балға қосып, 1 ас қасықтан қабылдайсыз. Емді күніне 2-3 рет жүргізсеңіз жеткілікті.
- Пияз – микроб пен бактерияны жояды. Ол қақырықты жібітіп, сыртқа шығуына ықпал етеді. Нәтижесінде жөтелден жазыласыз. Пиязды ем ретінде қолдану үшін мына әдісті қолданасыз:
1. 2-3 дана пиязды қабығынан тазартып, турайсыз. Оны 200 мл сүтке салып, қайнатыңыз. 20 минут қайнаған сүтті 4-5 сағаттай тұндырып қою керек. Белгіленген уақыттан соң сүтті сүзіп алып, 1 ас қасықтан әр 3-4 сағат сайын ішке қабылдайсыз. Емдік сусынды қолданудан алдын жылытып алуды ұмытпаңыз.
2. 10-12 бас пияздың қабығын 1 литр қайнаған суға саласыз. Оны баяу отқа қойып, көлемі жартысына дейін азайғанша қайнату керек. Сосын қайнатпаны сүзіп алып, 150 мл-ден күніне 3 рет ішесіз.
3. 1 дана пиязды еттартқыштан өткізіп, бірдей көлемде балмен араластырыңыз. 1 ас қасықтан тәулігіне 2-3 рет қабылдау керек.
- Сәбіз қосылған сүт – жөтелді емдейді әрі ағзаңызды А дәруменімен байытады. Ол үшін сәбізді қабығынан тазартып, шырынсыққыштан өткізесіз. Оны бірдей көлемде майлы сүтпен араластырыңыз. Емдік сусынды бір күнде ішіп таусыту керек.
сурет:ашық дереккөзден
- Жалбыз бен сарымсақ – қақырықты жібітіп, жөтелді қойдырады. Қоспаны дайындау үшін орташа көлемдегі 1 бас сарымсақ, 1 литр сүт, 5 ас қасық бал, 2 ас қасық кұрғақ жалбыз қажет. Сарымсақты езесіз, пиязды ұсақтап турайсыз. Сүтті қайнауға дейін жеткізіп, пияз бен сарымсақты саласыз. Тағы 15 минут қайнатасыз. Сосын отты өшіріп, бал мен жалбыз қосасыз. Кастрөлдің қақпағын жауып, 40 минуттай тұндырып қоясыз. Белгіленген уақыттан соң әр сағат сайын 1 ас қасықтан қабылдайсыз.
- Көкөніс пен жеміс қайнатпасы – созылмалы жөтелге дауа. Қайнатпаны дайындау үшін: 1 дана ірі алма, 1 дана пияз бен 1 дана картоп керек. Бәрін тазалап жуып, қабығынан тазартасыз. Бәрін кастрөлге салып, жарты литр су құясыз. Ыдысты отқа қойып, 1,5 сағаттай қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң қайнатпаны сүзіп алып, тәулігіне 150 мл-ден ішесіз.
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Ләззат АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
Мұрыннан аққан су бір күнде тыйылады
ҚАНТ ДИАБЕТІ: қант мөлшерін бір күнде қалпына келтіретін ем бар