Ішекті ҚҰРТТАН тазалау үшін анардың ҚАБЫҒЫН қайнатып ішіңіз ​

0
3 363

Емделу мерзімі – 2 апта.


Ішекті ҚҰРТТАН тазалау үшін анардың ҚАБЫҒЫН қайнатып ішіңіз ​

фото: news.myseldon.com

Барлық адамның ішегінде құрт болады. Егер емдеу шараларын жүргізбесеңіз, түрлі дерттің дендеуіне себепші болуы мүмкін. Ағзаны жаулаған құрттан құтылу үшін халық әдісін байқап көріңіз. Нәтижесі керемет әрі ешқандай зияны жоқ.


Сарымсақ шырыны

Фитонцид затына бай сарымсақ құрттың жауы екенін бәріміз білеміз. Ем үшін күніне 3 рет 5 тамшы сарымсақтың шырынын ішңіз. Шырынның көлемін күн сайын көбейтіп, 15 мл-ге дейін арттырасыз.


Жусан тұнбасы

Жусан (полинь) да фитонцид затына бай. Ішектегі құрттан құтылу үшін 1 ас қасық жусанды 100 мл спиртке салып, жақсылап араластырасыз. Ыдыстың қақпағын жауып, 2 аптаға тұндырып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 20 тамшы ішесіз. Емді күніне 3 рет, тамақтан алдын қабылдау керек.

фото: like-my-dogs.ru


Асқабақ дәні

  • Асқабақтың дәні кукурбитин затына бай. Бұл да өз кезегінде құртпен керемет күреседі. Тіпті, ең кішкентай жұмыртқаларына дейін жоя алатын қасиетке ие. Ем ретінде 300 гр. қабығынан тазартылған дәнді жақсылап ұнтақтайсыз. Оны бірдей көлемде сумен немесе балмен араластырыңыз. Дайын болған қоспаны таңертең ашқарынға аш жұтымнан ішесіз. Тура 3 сағаттан соң тамақ жейсіз. Сонан соң іш жүргізетін дәрі ішуді ұмытпаңыз.
  • Таңертең ашқарынға 2 ас қасық асқабақ дәнін қабығымен жеуге әдеттеніңіз. 1 сағаттан соң іш жүргізетін дәрі ішсеңіз, ішекті құрттан тазалайды.
  • 300 гр. асқабақ дәнін қабығымен ұнтақтайсыз. Сосын оны сарымсақ қайнатылған сүтпен бірге ішесіз. Шамамен жарты сағаттан соң іш жүргізетін дәрі ішіңіз.


Анардың қабығы

Аталған жемістің қабығында пельтерин заты бар. Бұл кез келген құртты сол мезетте-ақ жоя алады. Ендеше, ағзаңызды жаулаған құрттан анардың қабығынан дайындалған тұнба ішу арқылы құтылыңыз. Тұнбаны дайындау үшін 50 гр. анардың қабығын 400 мл қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Тура 6 сағаттан соң тұнбаны отқа қойыңыз. Көлемі екі есеге азайғанға дейін баяу отта қайнату керек. Дайын болған қайнатпаны сүзіп алып, 1 сағат бойы аз-аз жұтымнан ішесіз. 30 минуттан соң іш жүргізетін дәрі қабылдаңыз. Ем қабылдаған соң 4 сағатқа дейін тамақ-сусын ішіп-жемейсіз.


Грек жаңғағы

  • 1 ас қасық ұнтақталған грек жаңғағын 1 стақан шарапқа салып, 3 апта тұндырасыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 3-5 ас қасықтан қабылдаңыз. Емді күніне 5 рет, тамақтан алдын жүргізу керек.
  • Күнде бірдей көлемде грек жаңғағын жеңіз. Мәселен, 5-6 дана жаңғақты таңғы, түскі және кешкі асқа жеу керек. Осылайша күніне 3 рет 3 күн бойы жесеңіз, керемет нәтижесін көресіз.

фото: oil-pure-life.vsite.biz


Сәбіз шырыны

Аталған көкөніс флавоноид, фалькаринол, фалькардинол затына бай. Бұлар құрттың көзін біржолата құрта алатын қасиетке ие. Ем ретінде 1-3 гр. сәбіз шырынын ішіңіз. Емді күніне 3-5 рет жүргізуге болады.


Зімбір тамыры

500 гр. үккіштен өткен зімбір тамырын 500 мл араққа араластырып, 15 күн тұндырып қоясыз. Күнде араластырып тұруды ұмытпаңыз. Белгіленген күннен соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 шай қасықтан ішесіз. Емді күніне 3 рет тамақтанудан жарты сағат бұрын қабылдау керек.


Пияз шырыны

1 дана пияздың қабығын аршып, ұсақтап турайсыз. Көкөністі шыны банкіге салыңыз. Үстіне 1 стақан қайнатылған бөлме температурасындағы суды құйып, бетін жауып бір түнге қалдырасыз. Таңертең дайын болған тұнбаны ашқарынға ішесіз.

Емделу мерзімі – 2 апта.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: crimeapress.info


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


СУЫҚТАП қалсаңыз осы СУСЫНДЫ ішіңіз


ТҮЙМЕДАҚ тұнбасы ГАЙМОРИТТІ емдейді


ҚАНЫҢЫЗ азайса КАКАО қосылған сары МАЙ жеңіз