​ҚАНЫҢЫЗ азайса КАКАО қосылған сары МАЙ жеңіз

0
3 509

Емді тамақпен бірге жүргізіңіз.


​ҚАНЫҢЫЗ азайса КАКАО қосылған сары МАЙ жеңіз

фото: zastavki.com

Қаназдық (анемия) – қанның бояғыш заты және оны оттегімен қамтамасыз етуші болып табылатын эритроциттердегі (эритроциттер) гемоглобин мөлшерінің төмендеуімен сипатталатын ауру. Ол қандағы сау эритроциттердің немесе гемоглобиннің жеткілікті санының жетіспеушілігінен дамиды. Гемоглобин қызыл қан жасушаларының негізгі бөлігі болып табылады және оттегін байланыстырады. Егер сізде гемоглобин тым төмен болса немесе қызыл қан жасушалары қалыпты болмаса, дене жасушалары жеткілікті оттегі алмайды. Оны біз біле алмауымыз мүмкін. Бірақ көзге көрінетін мына белгілер арқылы қаназдыққа шалдыққанымызды бағамдай аламыз.


Қаназдықтың белгісі

Қаны аз науқастың терісі бозарады, кейде көкшіл түске енеді. Ерні мен қызыл иек бозарып, көздің астында қара шеңберлер пайда болады. Шашы сынғыш, тырнағы жұқаланып кетеді. Оған қоса:

  • бойын әлсіздік билейді;
  • үнемі шаршап жүреді;
  • құлағы шуылдайды;
  • кенеттен басы ауырады;
  • төс сүйегі шаншып ауырады;
  • басы айналып, есінен танады;
  • көздің көру қабілеті нашарлайды әрі көзді ашып-жұмғанда майда жұлдыздар пайда болады;
  • * тыныс алуы нашарлап, ентігеді;
  • * бор, кесек, тұз жегісі келеді.

Осы белгіден-ақ анемия екеніңізді білуге болады. Жалпы қаназдықтың өршуіне ағзадағы темірдің жетіспеушілігі, жиі қан жоғалту себеп болады. Сондықтан халықтық емдеу әдісі арқылы ағзаңызды темір элементімен толтырыңыз.

фото: replyua.net


Қаназдықтың пайда болуына

Ауруға бір ғана себеп болмайды. Түрлі жағдайдың салдарынан қаназдыққа тап боласыз. Мәселен:

  • Жарақат алғанда, ота кезінде көп қан жоғалту;
  • Дұрыс тамақтанбау. Ағзаға қажетті дәрумендер, микро-макро элементтер қабылдамау;
  • Созылмалы немесе инфекциялық дертке шалдығу;
  • Улану;
  • Асқазан жұмысының нашарлауы;
  • Ағзада кейбір құрттың пайда болуы;
  • Темір элементі мен фолий қышқылының (В12 дәрумені) жеткіліксіздігі және жүктілік анемияның пайда болуына ықпал етеді.


Қаназдықтың алдын алу

Дәрі-дәрмектен бөлек, ішіп-жейтін тамағыңызға назар аударыңыз. Тамақтану мәзіріңізден кілегейді, сүтті, сары майды, жүгеріні, етті, балықты, жұмыртқаны, теңіз өнімдерін үзбеңіз. Оған қоса, кептірілген өрікті, мейізді құрманы, шырғанақты, алманы, алмұртты, болгар бұрышты, сары түсті қызанақты, мангоны, папайаны, қауынды, цитрусты жемістер мен асқабақты көбірек жеңіз.

Ал қанның құрамын жақсарту үшін балдыркөкті, кәдіні, патиссонды, қиярды, ірімшікті, жаңғақты (грек, бадам, кедр, орман), жасымық пен мейізді жеуге әдеттеніңіз.

Қанды көбейту үшін халық әдісін де қолдануды ұмытпаңыз.

фото: medaboutme.ru


Ағзадағы теміртапшылығын көбейту үшін мына әдісті қолданыңыз.

Үгілген тұрып

1 дана тұрыпты қабығынан тазартып алып, үккіштен өткізесіз. Күніне 6 рет 1 шай қасықтан тұрып жеуге әдеттеніңіз. Бұл ем кезінде күніне 1 рет 20 дана қыша дәнін жеңіз. Емделу мерзімі – 10 ай.

Какао қосылған сары май

Бірдей көлемде какао ұнтағын, сары май, орман балын эмаль ыдысқа саласыз. Ыдысты баяу отқа қойып, үздіксіз қозғап отырыңыз. Қайнап шыққан соң оттан аласыз. Салқындаған соң шыны банкіге құйып, қақпағын мықтап жабасыз. Ыдысты салқын жерге қоюды ұмытпаңыз. Дайын болған емдік қоспаны 1 ас қасықтан күніне 3 рет қабылдау керек. Емді тамақпен бірге жүргізіңіз.

Сарымсақ қосылған сүт

1 стақан сүтке 2-3 тіс езілген сарымсақты салып, отқа қоясыз. Қайнап шыққан соң оттан алыңыз. Дайын болған емдік сусынды 25-30 мл-ден күніне 3 рет ішесіз. Бұл ем қаназдықтың салдарынан қан қысымы төмендеп кететіндер мен есінен жиі танатындарға керемет ем болады. Оған қоса, әлсіздіктен, ұйқысыздықтан арылтып, ағзаны қуаттандырады әрі тәбетіңізді ашады.

Алоэ

Бұл өсімдік эритроцитті көтеріп, гемоглобин мен иммунитетті жақсартады. Ол үшін 170 мл балғын алоэ шырынына 4/1 стақан табиғи бал мен 400 мл қызыл шарап араластырыңыз. Дайын болған қоспаны шыны ыдысқа құйып, қақпағын мықтап жабасыз. Күніне 3 рет 25-30 мл-ден ішіңіз.

Бал қосылған кефир

1 стақан кефирге 1 ас қасық бал қосып, жақсылап араластырасыз. Емдік сусынды 3-ке бөліп, 3 рет ішіңіз.

Гемоглобинді көтеру үшін бірдей көлемде коньяк, лимон, мүкжидек, қызылша, сәбіз шырындарын араластырыңыз. Сұйықтықты шыны ыдысқа құйып, күн тимейтін жерге қойыңыз. Тура 3 күннен соң дайын болған қоспаны 50 грамнан ішесіз. Емді күніне 2-3 рет 1 ай бойы жүргізесіз.

Ал анар мен қызылша шырыны қанды көбейтіп, анемиядан құтқарады. Ол үшін күнде ашқарынға 1 дана сәбізді үккіштен өткізіңыз. Оған қаймақ немесе өсімдік майын араластырып жеңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: mirtesen.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


СУЫҚТАП қалсаңыз осы СУСЫНДЫ ішіңіз


ТҮЙМЕДАҚ тұнбасы ГАЙМОРИТТІ емдейді


ЛАВР жапырағы ИММУНИТЕТТІ көтереді