​ҚАН ҚЫСЫМЫ: КӨТЕРІЛСЕ немесе ТҮССЕ онда АСКӨК жеңіз

0
4 710

Дәрігерлер көктерді көбірек жеуге кеңес береді.


​ҚАН ҚЫСЫМЫ: КӨТЕРІЛСЕ немесе ТҮССЕ онда АСКӨК жеңіз

фото: versiya.info

Көктердің құрамында адам ағзасы үшін пайдалы дәрумендер мен минералды заттар бар.

Соның ішінде ақжелкектің пайдасы орасан. Ол адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Әсіресе қан қысымы көтерілетіндер ақжелкекті күнде жеу керек. Ақжелкенді салатқа, тағамға қосға болады. Немесе шай ретінде демдеп ішсеңіз де, саулығыңыз үшін пайдалы екенін ескеріңіз. Сонымен қатар:


фото: fb.ru

  • қызыл иектің саулығын жақсартады;
  • әйелдерде болатын ауруларды емдейді;
  • қандағы қант мөлшерін реттейді;
  • циститті емдейді;
  • ағзадағы артық тұзды шығарады;
  • бас ауруын қойдырады;
  • депрессиядан арылтады;
  • ағзаны пайдалы заттармен толықтырады;
  • бүйрек пен асқазанның жұмысын жақсартады.


Біздің ағзамызды жақсартып, саулығымызды арттыру үшін

мына көктердің де тигізетін пайдасы орасан:

фото: womans.ws

САУМАЛДЫҚ – адам ағзасын қуаттандырады. Иммунитетті көтереді, көздің көру қабілетін жақсартады, қан қысымын қалпына келтіреді, қандағы қант мөлшерін реттейді. Емдік қасиеті мол бұл көктерді шаш пен тері саулығын жақсарту үшін жеу ұсынылады. Сонымен қатар жүрегі ауыратын науқастарға жеуге кеңес береміз.


АСКӨК – көптеген пайдалы заттарға бай. Ол ұйқысыздықпен күреседі, қан қысымын реттейді, ми мен жүректің жұмысын жақсартады. Сонымен қатар бас ауруынан арылтып, депрессияны жеңуге күш береді.


КҮНЗЕ – асқазан мен асқорыту жүйесінің жұмысын жақсартады. Одан бөлек, жүрек, қан тамыр ауруларын емдеуге қабілетті әрі депрессиядан арылтып, көңіл-күйіңізді көтереді. Қан қысымын қалпына келтіріп, бауырды емдейді.


ҚЫМЫЗДЫҚ – С дәруменінің қайнар көзі. Пайдалы құрамының арқасында қымыздық иммундық жүйені нығайтады, ойлау қабілетін арттырады, бүйректің жұмысын жақсартып, тіс пен терінің саулығын арттырады.

фото: 4mama.ua

БАЛДЫРКӨК – қан қысымын қалпына келтіреді. Жүрек пен қан тамыр ауруларын емдейді. Сондай-ақ, депрессиядан арылтып, көңіл-күйіңізді көтереді әрі артық салмақтан арылтады.


НАСЫБАЙГҮЛ – көңіл-күйіңізді көтеріп, іш қатудан арылтады. Соынмен қатар, қан қысымын түсіреді әрі ерте қартаюдың алдын алады. Аталған емдік шөпті тұтынғандар жағымсыз энергиядан сақтанады әрі иммундық жүйесін нығайтады.


СӘЛБЕН – жүрек пен қан тамыр ауруларын емдеуге қабілетті. Сонымен қатар депрессияны жеңуге күш береді.


Жоғарыда жазылған емдік шөптерді күнде тұтынуға кеңес береміз. Кез келген көкті салатқа, тағамға қоссаңыз құрамындағы қасиетін жоғалтпайды. Тіпті тұнба дайындап ішсеңіз де пайдасы орасан екенін ескеріңіз. Сонда ЖҮРЕК, БҮЙРЕК, БАУЫР ауруларынан арыласыз әрі ҚАН ҚЫСЫМЫН қалпына келтіреді.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: rsute.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


КОРОНАВИРУС пен ПНЕВМОНИЯДАН сақтану үшін МЫНА үш ДӘРУМЕНДІ ішу керек


АНТИБИОТИК бұл АУРУҒА ем БОЛМАЙДЫ


ЕКІ қасық КЕБЕК ішекті ШЛАКТАН тазалайды