Көтерілген қан қысымын төмендететін әдістер

0
18 412

Жас та, мезгіл де таңдамайтын, аяқ астынан пайда болатын бұл аурудан арылу қиын. Десек те қан қысымын қалыпты ұстап, өзіңізге күтім жасап жүрсеңіз мазасызданбайтыныңыз анық. Сондықтан да қан қысымын реттейтін дәрілерді іше бермей, үй жағдайында ем жасап көріңіз.


Көтерілген қан қысымын төмендететін әдістер

фото: davlenies.ru

Жас та, мезгіл де таңдамайтын, аяқ астынан пайда болатын бұл аурудан арылу қиын. Десек те қан қысымын қалыпты ұстап, өзіңізге күтім жасап жүрсеңіз мазасызданбайтыныңыз анық. Сондықтан да қан қысымын реттейтін дәрілерді іше бермей, үй жағдайында ем жасап көріңіз.

* Егер қан қысымыңыз жоғары болса, жарты жыл бойы күнiне 1 рет балғын қызылшаға (қайнатуға болмайды) сарымсақ пен аскөк қосылған салат жеңіз. Оған рафинадталмаған күнбағыс майын қосуды ұмытпаңыз.

* Ұйқыға жатар алдында 1 стақан сүттi сәл ғана жылытып, 1 шай қасық долана тұнбасымен (дәрiханада сатылады) араластырып, аз-аздан ұрттап iшсеңiз қан қысымыңызды түсiредi.

* 1 стақан сәбiз бен қызылша шырынына 1/2 стақан мүкжидек шырынын, осы мөлшерде арақ пен 1 стақан бал араластырып, 3 тәулiкке тұндырып қою керек. Белгіленген күннен соң дайын болған тұнбаны күніне 3 рет 1 ас қасықтан iшiңіз.

* Қан қысымының артуында алоэнiң пайдасы өте мол. Ол үшiн алоэ жапырағын кесiп алып, мұздатқышқа салып қойыңыз. Күнде таңертең тоңазытқыштағы жапырақтың үшеуін алып, шырынын сығыңыз. Шырынды бiр ас қасық сумен араластырып iшiңiз. Артынан 1 сағатқа дейiн ештеңе iшіп-жеуге болмайды. Осы емдi екi ай үзбей жасасаңыз, қан қысымыңыз қайта қалпына түсiп, ағзаңыз дұрыс қалыптасады.

* Қан қысымының бiрден көтерiлiп кетуiне даршын мен айранның да пайдасы орасан. Ол үшiн бiр стақан айранға бiр шай қасық даршынды араластырып, күнiне 3 мезгiлден 10 күн ем қабылдаңыз.

* Қан қысымыңыз өте жоғары болса, онда 0,5 стақан жержаңғақты қабығымен қоса банкiге салып, батқанша сiрке суын құйыңыз. Қақпағын мықтап жауып 7 күн тұндырып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң күнде таңертең және кешке 10 жержаңғақтан жеп тұрсаңыз, қан қысымыңыз 2-3 күнде қалпына келедi.

* Қан қысымын төмендетудiң тағы бiр тәсiлi: 500 грамм балдыркөктi тамырымен майдалап, сырлы ыдысқа салып, 1,5 литр су құйыңыз да, 30 минут баяу отта қайнатыңыз. Суытып, сүзгiден өткiзiп, 50 грамм қант қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қайнатпаны күніне 2 рет таңертең және кешке тамақтанып болған соң шай орнына iшiңiз. * Үккiштен бiр дана лимонды өткiзiп кеңдеу ыдысқа салыңыз да, үстiнен 0,5 литр қайнатылған салқын су құйыңыз. Оның үстiне 3 тiс сарымсақты үккiштен өткiзiп салыңыз да, 3 сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз. Бұл тұнбаны күнде аш қарынға 1 шай қасықтан iшiп тұрыңыз.

* 10 дана лимонды үккiштен өткiзiңіз. Оған 0,5 литр бал, 0,5 литр алоэ шырыны мен 0,5 литр арақ қосып, араластырыңыз. Сөйтіп 30 күн қараңғы жерде сақтайсыз. Бiр айдан соң тұнбаны күнiне 3 рет 1 ас қасықтан iшiп отырасыз.

* 300 гр. майқарағай қабығына 2,5 литр қайнаған су құйып, салқындатып, сүзгiден өткiземiз. 2 литр тұнба дайын болады. Оны таңертең ашқарынға 1 стақаннан 10 күн бойы iшiп отырасыз. 10 күн демалып, емдi қайта жалғастыру керек. Ем үш курстан тұрады, үш айдан соң тағы да қайталаңыз.

* Қан қысымын тұрақты жағдайда ұстап тұруда дәрi-дәрмектер мен емдiк шөптерден бөлек ас мәзiрiне өзгерiстер енгiзiңiз. Тұздалған, ащы, маринадталған, кептiрiлген, майлы тағамдарды шектеп, оның орнын мейiз, кептiрiлген өрiк, балғын шырындар, жемiс-жидектер, көкөнiстермен алмастырыңыз. Мүмкiндiк болса бұлақ суын пайдаланған дұрыс. Күнiне 1,5 сағат таза ауада жүрiңiз.

Дайындаған Ләззат Ахметова