Мына АЛТЫ ауру мазалағанда КОФЕ ішіңіз

0
1 425

Ол үшін кофеге осы 6 затты қосасыз. Әрқайсысы әртүрлі дертке дауа.


Мына АЛТЫ ауру мазалағанда КОФЕ ішіңіз

Бұл мақала кофені сүйіп ішетіндерге арналады. Біз ұсынған бұл заттар кофенің дәмін өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар денсаулығыңызға да пайдасын тигізеді. Осылайша кофенің емдік қасиетін де байқайсыз.

Көпшілігіміз дәрумен ішуді ұмытамыз. Алайда жұмысты кофе ішпей бастамайтынымыз жасырын емес. Егер сіз кофеге осы 6 түрлі дәмді қосатын болсаңыз, бір мезетте бойыңызды сергітесіз әрі ағзаңызды дәруменмен қамтамасыз етесіз.


КОФЕ:

  • көңіл-күйіңізді көтереді;
  • ағзаны қуаттандырады;
  • жүректің жұмысын жақсартады;
  • жыныс жолдарын емдейді.



КОФЕ + ДАРШЫН – жүректің саулығына жауап береді


Даршын – дәмді антиоксидант. Оны кулинариялық тағамдарға қосатынын білетін боларсыз. Сонымен қатар бұл қоспаның жүрек пен мидың жұмысын жақсартатын да қасиеті бар екен. Сондай-ақ, онкологиялық аурулардың алдын алып, иммундық жүйені белсенді етеді.

Ем үшін: дайын демделген кофеге 1/3 шай қасық даршын қосасыз. Бұл кофенің сізге саулығыңызға тигізер пайдасы орасан.


КОФЕ + САҢЫРАУҚҰЛАҚ – жалпы саулығыңызды жақсартады

Кофе мен саңырауқұлақ. Таңданып тұрғаныңыз белгілі. Саңырауқұлақ қосылған кофе саулығыңызды жақсартуға қабілетті. Саңырауқұлақ – вирусқа қарсы ем екенін біле жүріңіз. Сонымен қатар суық тигізуден сақтайды әрі иммундық жүйені нығайтады.

Оған қоса, ісік жасушаларының оянбауына септігін тигізеді. Және де бауыр, асқазан жолдарының ауруына ем болады.


КОФЕ + МАК – гормондық жүйені реттейді

Мактың пайдалылығы ежелден белгілі. Ол ағзаның гормонын қалпына келтіреді, ұйқысыздықтын арылтады, төсек қатынасын реттейді әрі жұмысқа қабілеттілікті арттырады.

Тәтті түніңізді тыныштық пен рахатта өткізгіңіз келсе, мак қосылған кофе ішіңіз. Оны дайындау үшін 1 шыны кофеге 1 шай қасық мак араластырасыз. Бұл кофені күніне 3 шыны ішуге де болады.


КОФЕ + КУРКУМА – ас қорыту жүйесін қалпына келтіреді


Бұқтырылған ет пен балықтың дәмін келтіретін бұл дәмдеуіштің емдік қасиеті де орасан көрінеді. Куркума – суыққа қарсы тұратын керемет антиоксидант. Ол бауыр, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады, депрессияны емдейді әрі көңіліңізді көтеріп, бойыңызды қуаттандырады.

Емдік кофені дайындау үшін 1 шыны кофеге татымына қарай кокос майы мен 1 шай қасық куркума араластырасыз. Бәрін блендермен араластырып, ем үшін ішіңіз. Бұл кофе артық салмақтан арылуға да ықпал етеді.


КОФЕ + ЗІМБІР – бұлшықеттің ауруын басады

Зімбір (имбирь) – керемет антиоксидант және суыққа қарсы күш береді. Егер сізді көңіліңіз айнып, құсқыңыз келсе, бұлшықетіңіз ауырып бастаса немесе асқазан, ішек жолдарының аурулары мазаласа зімбір қосылған кофе ішіңіз. Бұл емдік сусын холестерин деңгейін де қалпына келтіреді.

Емдік қасиеті мол кофені қалай дайындаймыз? Ол үшін зімбірдің тамырын үккіштен өткізесіз. Ұнтақтың 1 шай қасығын 1 шыны кофеге араластырып ішесіз. Ем үшін таңертең ішу керек екенін ескеріңіз.



КОФЕ + КАКАО – депрессияны емдейді

Какао – темір элементінің қайнар көзі. Керемет антиоксиданттың қызметін атқаратын какао қан қысымын реттейді, холестерин деңгейін қалпына келтіреді. Сонымен қатар, көңіл-күйді көтереді, психологиялық жағдайыңызды жақсартып, жүйкені тынықтырады.

Кофені дайындау үшін ½ шай қасық какао ұнтағы мен 2 шай қасық ұнтақталған кофені араластырасыз. Оның үстіне 2-3 шай қасық су қосып, мұқият араластырасыз. Біркелкі араласқан қоймалжыңды ½ стақан суға араластырып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң көбігін алып, кесеге құйыңыз. Дайын болған хош иісті кофені ем ретінде ішесіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


фото: интернет желісінен алынды


Дереккөз: headinsider.net


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бұл ӨКПЕ ауруының БЕЛГІЛЕРІ


Ауыздағы ЖАҒЫМСЫЗ иіс МАЙ шайнасаңыз кетеді

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет