​Мына АЛТЫ ауру мазалағанда ТҮЙМЕДАҚ шайын ішіңіз

0
10 064

Қашан және қалай ішу керектігін сілтемеге өтіп біле аласыз.


​Мына АЛТЫ ауру мазалағанда ТҮЙМЕДАҚ шайын ішіңіз

фото: .flickr.com

Түймедақ – романтикалық гүл ғана емес, сондай-ақ керемет емдік дәрі. Түймедақ қосылған шай ұйқыңызды реттейді, артық салмақтан арылтады, тырнақ пен шаштың саулығын жақсартады. Оған қоса, бірнеше дертке дауа болатын қасиетке ие. Бастысы қалай, қашан және кімге керек екенін біліп алсаңыз болғаны...


ҰЙҚЫСЫЗДЫҚ – ең қауіпті әрі мазасыз ауру. Оған дер кезінде емдік шараларын қарастырмаса, ауруларының санын көбейтіп, асқындырып алатыны сөзсіз.

Ұйқысыздық ауруының ең тиімді әрі қолжетімді емі – түймедақ шайы. Бұл шай адамның жүйкесін, миын тынықтырады, санасын сергітеді. Ем үшін күнде ұйқыға жатардан алдын 1 шыны түймедақ шайын ішіңіз. Нәтижесіне таңатқанда таң қаласыз.


БҰЛШЫҚЕТ ауырған кезде де түймедақ шайы көмектесе алады. Әсіресе, ауыр еңбекпен айналысқанда, дене жаттығуларын жасағанда бұлшықетке күш түсіп, ауыра бастайды. Осы кезде 1 шыны түймедақ шайын ішуге кеңес береміз. Сол сәтте-ақ денеңіз балқып, ауырғаны басылады.

фото: obozrevatel.com

ТҰМАУ ауруына шалдыққан кезде дереу дәрі ішпеңіз. Орнына түймедақ шайын демдеңіз. Шайдың құрамындағы бактерияға қарсы заттар суықты емдеп, тұмаудан айықтырады. Түймедақты шай ретінде мезгілсіз ішудің ешқандай зияны жоқтығын ескеріңіз.


ДИАБЕТКЕ шалдыққан кез келген науқас дәрігердің жіті бақылауында болады. Оның не ішіп-жейтіні, қандай дәрі қабылдайтыны тек дәрігердің рұқсатымен болады. Десе де, бірде бір дәрігер диабетке шалдыққан науқасқа түймедақ шайын ішуге тыйым салмайды. Өйткені бұл шайдың тап осы ауруға шипа болатын қасиеті бар. Түймедақ шайы қандағы қанттың мөлшерін реттейтін қабілетке ие.

фото: fb.ru

ТЕРІ саулығына да түймедақ шайы жауап бере алады. Ал түймедақ тұнбасымен теріңізге тоник жасасаңыз, нәтижесі керемет болады. Түймедақ тұнбасы қабынуды емдейді, микробты өлтіреді, теріні антиоксидантпен қамтиды. Сонымен қатар көздің айналасындағы қара дақты кетіреді. Тіпті тыртықтың да ізін жоғалта алады.

Ал аллергияның әсерінен теріңізде өзгерістер болып жатса, онда уақыт оздырмай түймедақ шайын ішуді бастаңыз.


ШАШТЫ қуаттандырады. Иә, шаш – сұлулықтың тақырыбы. Алайда, оның ағаруы, түсуі денсаулыққа тікелей қатысты. Егер сіз сұлулығыңызға сән беретін шашыңыздың қайраттылығын уайымдап жүрсеңіз, онда түймедақ шайының көмегіне жүгініңіз. Шашыңызды сусабынмен жуып тазалаған соң, түймедақ шайымен шаясыз. Сонда қайызғақтан құтыласыз, бас терісіндегі бөртпе, жараларды жояды, шашқа әдемі өң беріп, дәруменмен қамтамасыз етеді. Демек, 1 литр түймедақ тұнбасымен шашыңыздың саулығын жақсартып алуға мүмкіндік бар екен.


Ардақты оқырман! Алғашында түйдемақты шөп үгіндісі ретінде сатып алатын едік. Ал қазір бір рет қолдануға ыңғайлы етіп пакетпен сатылатын болды. Бұл кез келген уақытта, кез келген жерде қолдануға ыңғайлы болмақ. Демек, саулығымызды жақсарту үшін сылтау іздемей, іске кірісейік.

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: zen.yandex.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бұл БЕЛГІЛЕР ағзаға ТЕМІР қажет екенін БІЛДІРЕДІ


ШАЙДЫ тым көп ішу НЕНІҢ белгісі