Бұл БЕЛГІЛЕР ағзаға ТЕМІР қажет екенін БІЛДІРЕДІ

0
9 829

Мұны білу өте маңызды


Бұл БЕЛГІЛЕР ағзаға ТЕМІР қажет екенін БІЛДІРЕДІ

фото: rostovmama.ru

Темір – адам ағзасы үшін аса қажетті әрі пайдалы микроэлемент. Әр адамның бойында кемі 2,5-4,5 грамға дейін темір болу керек. Ал егер ол өз мөлшерінен аз болса ағза айтарлықтай зиян шегеді.

Ағзаға темірдің жеткіліксіздігін қалай білеміз? Ол үшін мына белгілерге назар аударыңыз. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, онда сізге темір элементі қажет деген сөз.


фото: myfamilydoctor.ru

1. Темір гемоглобин деңгейіне жауапты қызмет атқарады. Сонымен қатар өкпенің дұрыс әрі терең тыныс алуын қамтамасыз етеді. Егер сіздің ағзаңыз теміртапшылығына шалдықса, онда ауа жетіспей, көптеген аурулардың тууына себепші болады. Ең алдымен қаназдыққа шалдығасыз.


2. Метаболиттік белсенділіктің жұмысына ықпал етеді. Аталған микроэлементтің құрамына көптеген фермент кіреді. Сонымен қатар биохимиялық реакция туғызады. Салдарынан ағзаны токсиннен және холестериннен құтқарады.


3. Темір иммундық жүйенің жұмысын жақсартады. Ағзаның ішкі, сыртқы саулығын арттырады. Теміртапшылығы адамды әлсіздікке шалдықтырып, сыртқы сұлулығынан айырылады.


Теміртапшылығының басты белгілері:

1. Әлсіздік пен үнемі шаршау;

2. Жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі;

3. Тәбеттің жоғалуы, дәм сезбеу;

4. Физикалық күш жұмсағанда ауа жетпей, терең тыныс алу;

5. Терінің, шаш пен тырнақтың саулығы нашарлау. Тері құрғап, шаш түсіп, тырнақ сынғыш келеді.

6. Ерін жарылып, езуге жара шығады. Сонымен қатар қол мен өкше де жарылғыш келеді;

7. Ағзаның қарсыласу күші төмендеп, салдарынан адам суықтап ауруға бейім келеді.


Алдын алу үшін

Аталған жайсыздықтарға тап болмау үшін қажетті мөлшерде темір элементін қабылдау керек. Ересек адамдарға күніне 10 мг темір, ал балалар мен жасөспірімдерге 5-15 мг темір қажет.

Құрамында темір элементі бар дәрумендерден бөлек, тамақтану мәзіріне де көңіл бөліңіз. Мейлінше құрамы темір элементіне бай тағамдарды тұтынуға тырысыңыз.


Темірді қандай тағамнан табуға болады?

фото: rostovmama.ru

Теміртапшылығы көбінесе мына екі жағдайда көрініс береді. Біріншісі – дұрыс тамақтанбағанда, екіншісі – асқазан мен ас қорыту жолдары ауыратын болса. Бұл кезде зат алмасу жүйесі бұзылып, темірді қажетінше қабылдай алмайды. Ендеше, адам ағзасына аса қажетті элементті мына төмендегі азық-түліктен алуға болатынын біле жүріңіз.


1. Теңіз өнімдері. Мейлінше майлы балықты көбірек жеңіз. Бұл өз кезегінде жүрекке, буынға, бұлшықетке және иммундық жүйеге өте пайдалы.


2. Ет – бағалы азық. Құрамы темір элементіне бай. Алайда етті қарт кісілерге көп жеуге болмайтынын ескерсек, орнына сорпалық өнімдерді қайнатып, жеңіл тағамдар ұсынуға болады.


3. Астық өнімдері де темір мен жасұныққа өте бай. Бұл заттар асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартуға септігін тигізеді.


4. 100 гр. сырдан тәулігіне қабылдайтын темірдің 30 пайызын алуға болады.


5. Бұршақты өнімдер де микроэлементтің қайнар көзі. Мәселен, 100 гр. жасыл бұршақта – 6 мг , горохта – 6,8 мг, ақ фасольда – 3,7 мг, қызыл фасольдің құрамында – 2,9 мг темір бар.


6. Аталған пайдалы элементті жаңғақтың да құрамыннан алуға болады. Нақтырақ айтқанда, 100 гр. грек жаңғағында - 3,5 мг, ал бадам жаңғағында - 4 мг темір бар.


7. Шекілдеуік те темірге бай. Әсіресе, 100 гр. асқабақ дәнінен 14 мг минералды алуға болады.


Темір элементі көптеген көкөністер мен жемістердің құрамында кездеседі. Сондықтан да бақша өнімдерін көбірек жеуге кеңес береміз.


Дереккөз: zen.yandex.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына АЛТЫ ауру мазалағанда ТҮЙМЕДАҚ шайын ішіңіз


ШАЙДЫ тым көп ішу НЕНІҢ белгісі