​СУДА жүзгенде СІҢІР тартылса БАЛ көмектеседі

0
5 300

ШОМЫЛУҒА баратын кезде міндетті түрде МЫНА заттарды сөмкеңізге салып алыңыз.


​СУДА жүзгенде СІҢІР тартылса БАЛ көмектеседі

Сіңірдің тартылуы жай уақытта мазаламайды. Бұл жүктілік кезінде, суда жүзгенде, түнде ұйықтап жатқанда бірден басталып, әп-сәтте әбігерге салып қояды. Жаныңызда жанашыр жан болмаса, ауруды емдей салу қиынның қиыны. Тартылған тұс қол тигізбей ауырады. Аяғыңызбен қоса, өзіңіздің де қатып қалған кездеріңіз болған шығар. Ұзағымен 3-5 минутқа созылатын дертке ден қойып емдемесеңіз, дендеп кетуі де ғажап емес.


Сіңірдің тартылуына:

  • Дәрумен мен минералды заттардың жетімсіздігі әсер етеді. Нақтырақ айтқанда ағзаңызды магний, кальций, калий элементтері мен Д дәруменіне байытыңыз;
  • Ағзаның сусыздануы себеп болады. Тершеңдік ағзаны сусыздануға әкеледі. Термен бірге қажетті микроэлементтер жойылып, ағза сусызданады. Мұның алдын алу үшін күніне кем дегенде 2,5 литр су ішуді әдетке айналдырыңыз;
  • Физикалық ауырлық. Спортпен тынымсыз айналысу, ауыр жұмыс істеу, жүк көтеру де сіңірдің тартылуына ықпал етеді.
  • Стресс – сіңірдің тартылуына бірден-бір себеп. Эмоцияға берілген кезде жүйке сыр беріп, сіңір тартылады, саусақтарыңыз құрысып, жөнге келмей қалатын кездер болады. Бұл жайсыздықтардың орнын толтырып, аурудың алдын алыңыз.


Сіңірдің тартылуын емдеуге халық емі де керемет көмектеседі. Осы мақсатта біз бірнеше емдеу әдістерін ұсынамыз. Қалағаныңызды қолданып көріңіз.


ЛАВР ЖАПЫРАҒЫ


50 гр. лавр жапырағын жақсылап ұнтақтап алыңыз. Оны 250 мл күнбағыс майына араластырып, банкіге құясыз. Қақпағын мықтап жауып, күн тимейтін жерге 2 апта тұндырып қойыңыз. Белгіленген күннен соң қоспаны сүзіп алып, қолыңыз бен аяғыңызға сіңдіріп жағасыз. Емді күніне 2-3 рет жасау керек.


ҚАЗТАБАН ҚАЙНАТПАСЫ

1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық үгілген қазтабан (лапчатка) жапырағын араластырасыз. Бір сағаттай тұндырып қою керектігін ұмытпаңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, күніне 3 рет 100 мл-ден ішесіз.


ҚАЙЫҢ БҮРШІГІ

250 мл қайнаған суға 1 ас қасық дәріханада сатылатын үгілген қайың бүршігін араластырып, тұндырыңыз. Шамамен 30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 50 мл ішесіз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.


СИРЕН ТҰНБАСЫ


фотолар ашық дереккөзден алынды

Сирен гүлін 1 литрлік банкіге тығыздап салыңыз. Үстіне спирт немесе арақ құйып, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 14 күндей күн тимейтін салқын жерге қою керек. Осы күн өткен соң дайын болған емдік сұйықтықты балтырыңызға жағып, уқалайсыз. Емді күніне 2 рет жүргізу керек.


ТАБИҒИ БАЛ

Ашқарынға 2 шай қасық табиғи таза бал жеңіз. Артынан таңғы асқа дастарханға отырыңыз. Тамақтан жарты сағаттан соң 1 шыны түймедақ шай ішесіз. Бұл сіңірдің тартылуына ем болады, аяқ-қолдың құрысуын болдырмайды. Емді үзбей 7 күн жалғастырыңыз.


ЛИМОН ШЫРЫНЫ

Күнде таңертең және кешке табаныңыз бен балтырыңызға лимон шырынын жағып, уқалаңыз. Кепкенше отыру керек. Сүлгімен сүртуге болмайды. Лимон сөлі сіңген соң орныңыздан тұрып жұмысыңызға кірісе беріңіз. Емді 7 күн жүргізесіз.


ЖАНАРГҮЛ ТҰНБАСЫ

Жанаргүл (адонис) – үлкендерге де, балаларға да пайдалы. Ол үшін емдік шөпті ұнтақтап 1 стақан суға 1 шай қасығын араластырасыз. Дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ересектерге 1 ас қасықтан күніне 2 рет, ал балаларға 6 тамшы ішкізесіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Аударған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚҰЛПЫНАЙДЫ күнде жегеннің бүйрегінде ТАС болмайды


1 стақан СУ + 1 дана ЛИМОН - іштің ӨТУІН тоқтатады