​СУЫҚТАП қалсаңыз осы СУСЫНДЫ ішіңіз

0
2 705

Нәтижесін сол күні-ақ байқайсыз


​СУЫҚТАП қалсаңыз осы СУСЫНДЫ ішіңіз

фото: health.hozvo.ru

Жылдың кез келген мезгілінде суық тиюі мүмкін. Біріміз тек қыста ауырсақ, енді бірімізге жаздың өзінде мұрнымыздан су ағып, түшкіріп жүреміз. Одан бөлек, басыңыз ауырады, қызу көтерліп, жөтел де мазалайды. Бойыңызды дендеген дерттен тезірек айығу үшін дәріхана жағалап кететініміз анық. Алайда ауруыңыздан дәрісіз-ақ емделуге болады. Ол үшін үйде мына сусынды дайындап ішіңіз.


БАЛ мен ЛИМОН қосылған КӨК шай

Бұл әдісті дәрігерлер де құптайды. Байқасаңыз жөтеліп, тамағы ауырып жүрген науқасқа бал керемет ем болады. Сондықтан да бойыңыз түршігіп бастаса, бал мен лимон қосылған көк шай ішіңіз. Оны дайындау үшін шәйнекті ыстық сумен шайып аласыз да, 1 шай қасық көк шай саласыз. Оның үстіне 1 шай қасық лимон шырыны мен 2 шай қасық бал қосыңыз. Шәйнекке қайнаған су құйып, 5 минуттай демдеп қоясыз. Дайын болған емдік шайды күніне 3 рет ішіңіз.

Бактерияға қарсы күресетін аталған көк шай суық тиюден бөлек, бронхит, ларингит ауруларын да емдеуге қабілетті. Сонымен қатар, қақырықты сыртқа оңай шығарады, иммунитетті көтереді.


ЗІМБІР мен ЛИМОН қосылған ШАЙ

Зімбірдің тамыры магний, калий, мыс эелементі мен түрлі дәруменге бай. Соның арқасында тұмауды, суықты тез емдейді. Оған қоса, қанды сұйылтады, қабынуды емдейді, терлетіп, бойыңызды жеңілдетеді.

Емдік қасиетін еселеу үшін шәйнекке 1 шай қасық қара шай салыңыз. Оған үккіштен өткен зімбір мен лимон шырынын араластырыңыз. Үстіне қайнаған су құйып, демдейсіз.

Шамамен 5-7 минуттай демделген соң дайын болған шайды ем ретінде ішіңіз. Татымы ұнамаса 1 шай қасық шекер қосыңыз.

фото: medboli.ru

ЖӨКЕ мен ТАҢҚУРАЙ қосылған ШАЙ

Бұл сусынды да жоғарыда көрсетілген әдіспен әзірлейсіз. Шайға жөке шөбі мен таңқурай жидегін қосып, ыстықтай ішсеңіз, бойыңыз балбырап, денеңізден тер шығады. Тер арқылы барлық суық сыртқа шығып, жағдайыңыз жақсарады. Одан бөлек, дене қызуын қалпына келтіріп, ағзадағы уытты шығарады.


САРЫМСАҚ қосылған СҮТ

Сарымсақ фитонцид (ағзадағы вирусты, уытты жоятын) затына бай. Сондықтан да суықтап ауырған кезде сарымсақты көп жеңіз. Егер дәмі ұнамаса онда жылы сүтке салып ішіңіз. Бұл емдік сусын жөтелді кетіреді, қақырықты сұйылтып, сыртқа шығарады.


ИТМҰРЫН шайы

Итмұрын – дәрумендер мен микроэлементтердің қайнар көзі. Оған қоса, флавоноид, органикалық қышқылы, аскорбин қышқылы, каратиноид затына бай. Осы пайдалы заттарының арқасында иммунитетті нығайтып, шаршауды басады әрі ағзаны қуаттандырады.

Емдік қасиеті мол шайды дайындау үшін 1 литр суды ыдысқа құясыз. Оған 5 ас қасық ұнтақталған итмұрын шөбін салып, отқа қойыңыз. Орташа отта 10 минут қайнау керек. Осы уақыттан соң дайын болған сусынды сүзіп алып, шай орнына ішесіз.

фото: exbulletin.com

ҚЫЗЫЛЖИДЕК пен МҮКЖИДЕК қосылған МОРС

Бұл екі жидектің де микробқа қарсы күресетін қасиеті бар. Оның құрамы салицил қышқылына, К, С, А, Е және В тобындағы дәруменге бай. Бұл жидектен дайындалған морс ағзаны артық заттан тазалап, қуаттандырады әрі дене қызуын түсіреді.

Морсты дайындау үшін осы екі жидекті жақсылап жуып, араластырасыз. Оның 2 ас қасығын 100 мл қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз.


Кептірілген ЖЕМІСТЕН дайындалған НӘРСУ

Өріктің (сары, қара) түрлерін, мейіз және басқа кез келген кептірілген жемісті жақсылап жуыңыз. Оны ыдысқа салып, үстіне салқын су құясыз. ыдысты отқа қойып, 8-10 минут қайнатыңыз. дайын болған емдік нәрсуды бөлме температурасында ішіңіз.

Бұл сусын иммунитетті нығайтады, бойыңызғка күш сыйлайды.


Жоғарыда ұсынылған кез келген сусынды суықап ауырғанда дайындап ішіңіз. Бұл сусындар ангинаны, тұмауды, бронхитті, вирустық инфекцияны жояды. Оған қоса, жөтелді тоқтатаып, тыныс жолдарының ауруын басады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: dzen.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БАСЫҢЫЗ ауырса МЫНА әдісті жасаңыз


ГЕМОГЛОБИНДІ мына 4 ӘДІСПЕН көтеруге болады


Сіздің АУРУЫҢЫЗДЫ емдейтін табиғи АНТИБИОТИК бар