​БАСЫҢЫЗ ауырса МЫНА әдісті жасаңыз

0
6 923

Керемет көмектеседі


​БАСЫҢЫЗ ауырса МЫНА әдісті жасаңыз

фото: glazexpert.ru

Бас ауруы – кез келген адамда болады. Оның пайда болуына қан қысымының көтерілуі және түсуі, ауа райының өзгеруі, жұмысбастылық, шаршау, қаназдық және басқа да жағдайлар себеп болады. Егер сіз бас ауруын дәрінің көмегімен емдегіңіз келмесе, мына әдісті қолданыңыз.


Аяғыңызды суға салыңыз

Басыңыз солқылдап ауыра бастаса, дереу аяғыңызды ыстық суға салыңыз. Ыдысқа тері күймейтіндей ыстық су құйып, аяғыңызды саласыз. Бұл емді 15-20 минут қабылдасаңыз, керемет жеңілдеп қаласыз. Нәтижесінде қан ағысы ретке келіп, қан қысым төмендейді.


Зімбір шайын ішіңіз

Бір кесек зімбірдің тамырын үккіштен өткізіп, шәйнекке саласыз. Үстіне қайнаған су құйып, қақпағын жабыңыз. 10 минут демдеп қою керек. Осы уақыт өткен соң емдік шайды аз-аз ұрттамнан ішесіз.

Кофенің де бас ауруын қойдыратын қасиеті зімбір шайынан кем емес. Бұл екі сусын да бас ауруын емдейді.

Бірақ бір кесе сусыннан кейін өзіңізді жақсы сезінбесеңіз, артық ішпей-ақ қойғаныңыз жөн. Өйткені ол керісінше әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, басыңыз жиі ауыратын болса, онда қою тағамды көп жемеуге тырысыңыз.

фото: womond.com

Дымқыл дәке қолданыңыз

Бас көбінесе мойынның бұлшықетіне салмақ түскеннен ауырады. Бұл жайсыздықтың орнын толтыру үшін түкті сүлгіні жылы суға малып, маңдайыңызға қоясыз.

Ал егер бас ауруы тамыр жолдарының әсерінен болса, онда сүлгіні салқын суға салып, қолданасыз.


Жаттығу жасаңыз

Бұл әсіресе кеңсе қызметкерлері үшін керемет ем болады. Күні бойы бір орында отырып жұмыс істейтіндердің басы, мойыны ауырады. Осы ауырсынумен күресу үшін басыңызды артқа еңкейтіңіз, содан кейін оны кеудеге түсіріңіз. Сосын оңға және солға бұраңыз, бірнеше айналмалы қозғалыстар жасаңыз. Әр нүктеде 10 секунд ұстаңыз.

Бұл жаттығу иық, арқаға қанның тоқтап қалуын болдырмайды.


Тыныс алуыңызды өзгертіңіз

Бұл стресстен бас ауырған кезде көмектеседі. Жатыңыз немесе отырыңыз. Сөйтіп ауаны 5 секундқа жұтыңыз, содан кейін бір уақытта дем шығарыңыз. Бұл әдісті басыңыздың ауырғаны басылғанша қайталаңыз.

фото: kto-chto-gde.ru

Басыңызды уқалаңыз

Ортаңғы саусағыңызбен басыңыздың нүктелерін уқалаңыз. Бірінші нүкте – қасыңыздың ортасы, екіншісі – мұрынның үсті. Ал үшінші нүкте – бастың ең жоғарғы жағы.

Егер басыңыз жиі ауыратын болса, онда аптасына кем дегенде 2 рет шашыңызды массаж щеткасымен мұқият тараңыз. Бұл қан айналымын қалпына келтіреді және ауруды басады.


Лаванда иіскеңіз

Кез келген дәріхана сөресінде лаванда шөбі сатылады. Егер табылмаса эфир майы да көмектесе алады. Лаванданың иісі босаңсытады, тыныштандырады, жалпы жағдайыңызды жақсартады. 15 минут иіскеу жеткілікті болады.


Негізінде, бастың ауыруы көбінесе ауа райы өзгерген кезде көрініс береді. Сондықтан жүйке жүйесінің жұмысына жауап беретін В6 дәруменін қабылдаңыз. Немесе құрамы осы дәруменге бай тағамдарды жиі тұтыныңыз. Нақтырақ айтқанда, дастарханыңыздан сұлы жармасы, қызанақ, жаңғақ пен жасыл көкөністер үзілмеуін қадағалаңыз.


Дереккөз: dzen.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қандай ДӘРІ есте САҚТАУ қабілетін жақсартады?


ИНГАЛЯЦИЯ: КІМГЕ және ҚАШАН жасау керек?


Сіздің АУРУЫҢЫЗДЫ емдейтін табиғи АНТИБИОТИК бар