​Сыздауықты жұмыртқаның сарыуызы кетіреді

0
20 054

Сыздауықты сығып, йод немесе жасыл дәрі жағудан сақ болыңыз.


​Сыздауықты жұмыртқаның сарыуызы кетіреді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Сыздауықты тосыннан келетін «қонақ» деуге болады. Ол санға, бөксеге, қолтықтың астына шығып, мазалайды. Өзі кішкентай ғана болғанымен ауруы жанға батады.

Сыздауықты сығып, йод немесе жасыл дәрі жағудан сақ болыңыз. Бұл емдеу әдісі сыздауықтың өршуіне себеп болады. Ыңғайсыз жерден орын алған жараны дәрігерге көрсетуден ұялсаңыз, үйде мына емді жасап көріңіз.

  • 2 дана шиі жұмыртқаның сарыуызын ыдысқа салыңыз. Әбден көпіршітіп алған соң 1 ас қасық бал мен жарты шай қасық тұз араластырасыз. Соңында аздап ұн қосып тағы да араластырыңыз. Дайын болған қоймалжыңды сыздауықтың бетіне қалыңдау етіп жағып, сыртынан жылы орап қоясыз. Бұл емді күніне бір рет 3-4 күн жүргізсеңіз, аурудың беті қайтады.
  • Пияздың қабығын аршып, ыстық суға салыңыз. Сосын шанышқының көмегімен езесіз. Оған үгілген кір сабынды қосып, араластырыңыз. Дайын болған қоймалжыңды стерилденген дәкеге жағып, сыздауықтың үстіне таңасыз. Үстіне лейкопластырь жабыстырып қоясыз. Компресті күнде жаңартып тұру керек.
  • Куркума – иммунитетті көтеріп, суықты емдейті әрі сыздауықты кетіретін керемет дәмдеуіш. Бірақ бауыры мен ұйқыбезі ауыртаындарға қолдануға болмайды. Ем ретінде қолдану үшін куркуманы пышақтың ұшымен ғана өлшеп аласыз. Оны 1 стақан қайнатылған жылы суға араластырып, күніне 2 рет ішесіз. Емді 3 күн үзбей қабылдасаңыз, бойыңызды билеген аурудан айығып, сыздауықтан құтыласыз.
  • Бірдей көлемде тұз, бал, ұнтақталған зімбір мен куркуманы араластырыңыз. Оны сыздауыққа жағып, сыртынан орап қоясыз.
  • Шикі картопты үккіштен өткізіп, сығып сөлінен ажыратыңыз. Оған 1 шай қасық бал қосып, ауырған жерге таңасыз. Компресті тәулігіне 3-4 рет қайталау керек.
  • Іріңдеген сыздауыққа алоэ немесе жүзжылдық өсімдігі ем болады. Қолдану үшін жас жапырақты кесіп алып, сыздауыққа таңасыз. Күніне 5-6 рет қайталасаңыз, жараның іріңі тартылып, сыздауықтың ізі де қалмайды.

фото: papillomy.com

  • 1 шай қасық алоэ шырыны мен 1 шай қасық зәйтүн майын араластырып, дәкеге жағасыз. Оны сыздауықтың үстіне таңып, сыртына пергамент қағазын жабыстырыңыз. Шамамен 12 сағаттан соң компресті жаңартасыз.
  • Қарақұмықты қайнаған суға салып, бетін жауып қойыңыз. Дайын болған ботқаны сыздауыққа жақсаңыз, керемет ем болады. Компресті әр 4 сағат сайын ауыстыруды ұмытпаңыз.
  • 2 дана лавр жапырағын 1 литр суға салып, 10 минуттай қайнатыңыз. Тұнба салқындаған кезде сүзіп алып, тәулігіне 1/3 стақаннан қабылдайсыз. Егер емді үзбесеңіз, оң нәтижесін 3 күнде-ақ байқайсыз.

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.



Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


Есте сақтау қабілетін жақсартатын емдік сусындар

Ангинаны 8 түрлі жолмен емдеуге болады


ИММУНИТЕТТІ көтеретін ЖЕТІ әдіс