​Есте сақтау қабілетін жақсартатын емдік сусындар

0
10 435

Есте сақтау қабілетіңіз нашарласа, өмірде көп нәрсе жоғалтасыз.


​Есте сақтау қабілетін жақсартатын емдік сусындар

фото. sunnywoman.ru

«Бір сағаттан соң есіме салшы», «Қайда қойғанымды ұмытқаным-ай...», «Есімнен тарс шығып кетіпті» деген сөздерді сіз де жиі айтып жүрсіз бе? Бұл есте сақтау қабілеттің нашарлағанынан дерек береді. Мамандар есте сақтау қабілеттің нашарлауына:

  • Мидағы ақпараттың көптігі;
  • Дұрыс тамақтанбау;
  • Ұйқының қанбауы;
  • Бір орында отырып жұмыс істеу;
  • Жағымсыз әдеттер;
  • Стресс пен күйзеліс себеп болады дейді. Демек, өміріңізге көп кедергі келтіретін емнен тезірек арылуға кірісіңіз. Ол үшін үйде мына сусындарды дайындап ішсеңіз болғаны.


1. Күніне 3 рет 1/3 стақан қияр сусынын ішіңіз. Бұл есте сақтау қабілетіңізді артырады.


2. Жарты стақаннан қияр мен қызанақ сусынын араластырыңыз. Оған 1 шай қасық сарымсақ сусынын қосып ішесіз. Бұл емдік сусынды күніне екі рет таңертең және кешке қолдану керек. Емді үзбей 1 ай жүргізсеңіз, оң нәтижесін байқайсыз.


3. Жарты стақаннан сәбіз бен қызылша шырынын араластырып ішіңіз. Емді күнде таңертең ашқарынға қабылдау керек.

фото: diagnozlab.com

4. Қаражидек көздің көру қабілетін жақсартатынын білесіздер. Мұның есте сақтау қабілетті арттырып, мидың жұмысын жандандыратын да қасиеті де бар екен. Ол үшін күніне 2 рет жарты стақан қаражидек ішіңіз. Емді таңертең және кешке жүргізу керек.


5. 2 дана ірі пиязды еттартқыштан өткізіп, сүзіп алыңыз. Оған сондай көлемде бал араластырып, 1 ас қасықтан қабілдайсыз. Емді күніне 3 рет қабылдау керек. Емделу мерзімі – 2 апта.

фото: 7dach.ru


6. Жарты стақаннан грейпфрут пен алма шырынын араластырып ішсеңіз де есте сақтау қабілетіңізді жақсартады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.



Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


Ангинаны 8 түрлі жолмен емдеуге болады


ИММУНИТЕТТІ көтеретін ЖЕТІ әдіс