​Тамағыңыз ҚЫЗАРСА мына СҰЙЫҚТЫҚПЕН шайыңыз

0
1 271

Сіз де байқап көріңіз


​Тамағыңыз ҚЫЗАРСА мына СҰЙЫҚТЫҚПЕН шайыңыз

фото: autogear.ru

ЕСКЕРТУ: кез келген халық емін пайдаланбас бұрын дәрігермен кеңесіп алыңыз!


Көктем жұқпалы аурулардың қозатын мезгілі. Әсіресе, күтпеген жерден тамағымыз жыбырлап, қызарып шыға келеді. Кешке жап-жақсы болып жұмыстан келесің. Таңертең даусың өзгеріп, тамағым қыши бастады. Бұл вирустың қашан және қалай жұққанын аңғармай да қаламыз. Балабақшаға, мектепке баратын балаларды да вирус айналып өтпейді. Олардың да ауырғанын қаламаймыз, қорғағымыз келеді. Сондықтан да бұл жайсыздықтың алдын алу үшін дәрі ішіп, ине салдыруға асығудың қажеті жоқ. Тек үй жағдайында мына әдісті қолданып көріңіз. Өзіңізге де, кішкентайларға да керемет көмектеседі.


Тұз су

Күніне 2-3 рет тамағыңызды тұзды сумен шайыңыз. Әсіресе, таңертең ұйқыдан тұрған бойда бет-қолыңызды жуа салысымен-ақ, 1 стақан тұзды сумен тамағыңызды, ауыз қуысын шаясыз. Сосын тісіңізді тазалап, таңғы асыңызды ішіңіз.


Йод қосылған су

1 стақан жылы суға 2 тамшы йод тамызып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған емдік сусынмен тамағыңызды шайыңыз. Емді күніне бірнеше рет қайталасаңыз, суық тию қаупін азайтады және созылмалы респираторлық аурулардың өршуін жеңілдетеді.


Хлоргексидин

Оның вирус пен бактерияға қарсы күресетін қабілеті зор. Кез келген дәріханадан табылатын бұл сұйықтықты да сумен араластырып, ауыз қуысын, тамағыңызды шаясыз.

фото: style.rbc.ru

Сутегінің асқын тотығы

Пайдасы шаш-етектен болатын бұл сұйықтықты да дәріхана сөрелерінен кездестіресіз. Ем үшін 0,5 пайыздығын таңдап аласыз. 1 стақан жылы суға 1-2 тамшы тамызып, аузыңызды, мұрныңызды шайсаңыз болады. Бұл тамағыңыздың қызарғанын, жыбырлағанын емдеп қана қоймайды. Сонымен қатар, ауыз қуысында кездесетін барлық ауруларға ем болады.


Ас содасы

Татымы жағымсыз болғанымен емдік қасиеті күшті. Бір стақан жылы суға бір шай қасық ас содасын араластырып, аузыңызды, тамағыңызды шайыңыз. Емді күніне 2-3 рет қайталасаңыз, керемет нәтижесін бір күнде-ақ байқайсыз.

Бұл әдістің қайсысын жасасаңыз да, ем болатынына сеніңіз.


Дереккөз: dzen.ru

Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚАРАПАЙЫМ жаттығу: АРҚАҢЫЗ АУЫРА БЕРЕ МЕ?


АСҚАБАҚ шырыны БАУЫРДЫ тазалайды