​ТАМАҚ ауруын емдейтін ЖЕТІ әдіс

0
9 073

Мұны үйде өз қолыңызбен жасап алуға болады


​ТАМАҚ ауруын емдейтін ЖЕТІ әдіс

фото: zdorovie-legkie.ru

Аурудың қайсысы болса да бүгінде қауіпті болып тұр. Әсіресе, тұмаудың тигізер зияны орасан. Егер нәпсіге ерік беріп мұздай су ішіп немесе балмұздақ жеп тамағыңызды ауыртып алған болсаңыз, емхананың есігін жағаламай, үйде өз бетіңізше ем алып көріңіз. Біз ұсынған бұл әдістер 3 күнде оң әсерін беруі керек. Олай болмаған жағдайда ғана дәрігерге хабарласып, кеңес алыңыз.


1. ТЕҢІЗ ТҰЗЫМЕН ШАЙЫҢЫЗ

0,5 шай қасық теңіз тұзын 1 стақан жылы суға салып, араластырасыз. Тұз еріген кезде тамағыңызды шайыңыз. Емді күніне 3-4 рет қайталауға болады. Ал ұйқыға жатардан алдын 1 стақан тұзды суға бал араластырып, ішіңіз. Бұл түнгі ұйқыңызды тыныштандырады әрі жөтелді тоқтатады.


2. САРЫМСАҚ ШАЙЫ

Сарымсақ – табиғи антибиотик. Оның құрамында иммунитетті көтеріп, суыққа қарсы күресетін антиоксидант бар. Ем үшін сарымсақты ұзыншалап кесіп, ыдысқа саласыз. Үстіне қайнаған су құйып, мұқият араластырыңыз. Сонан соң суды сүзіп алып, сарымсақ тіліктерін тастайсыз. Ал суын қайнатып шай демдеп ішіңіз. Татымы ұнамаса аздап бал қосуға болады.

фото: yandex.by

3. ДАРШЫН ШАЙЫ

Даршын да өз кезегінде керемет антиоксиданттың қызметін атқарады. Әсіресе тамақ ауырып, жөтел мазалағанда керемет ем болады. Ол үшін 1 стақан қайнаған суға 1-2 тал даршынды қосып, отқа қоясыз. Шамамен 3 минуттай қайнаған соң суды сүзіп алып, көк немесе қара шай қосып, демдейсіз.

Даршын шайы жөтелді емдейді, тыныс алуды жақсартады.


4. ТАУЫҚ СОРПАСЫ

Дәрігер мақұлдаған ең тиімді емдік тәсіл. Тауық сорпасы бойдағы суықты кетіреді, ағзаны қуаттандырып, әлдендіреді. Сонымен қатар құрамындағы нәрлендіргіш заттарының арқасында тамағыңызды жібітіп, жөтелді емдеуге қабілетті келеді.


фото: lift74.ru

5. ЗІМБІР СУЫ

Зімбір – қақырықтың түсуіне ықпал етеді әрі бойдағы суықты шығарады. Сондай-ақ бактериямен күресіп, ағзаны удан тазартады. Ем үшін 4-5 см көлеміндегі зімбір тамырын тазалап, ұсақтап турайсыз. Оны қағазға орап, балғамен майдалаңыз. Ұнтақты ыдыстағы суға салып, 5 минуттай қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң қайнатпаны сүзіп алып, бал мен лимон қосыңыз. Емдік қасиеті мол сусынды ыстық күйінде ішу керек.


6. АЛМА СІРКЕ СУЫ

Бұл ең дәмді, бірақ өте пайдалы әдіс. Шағын ыдысқа 1 ас қасық алма сірке суын, 1 ас қасық бал салып, араластырыңыз. Оны 1 стақан ыстық суға қосып, ішіңіз. Егер татымы ұнамай, ішке қабылдай алмасаңыз, онда мына әдісті жасаңыз.

2 ас қасық алма сірке суы мен жарты шыны суды араластырып, тамағыңызды шаясыз.


7. БАЛ

Бал – микробпен күресетін керемет тәсіл. Қолданылуы да қарапайым. Бар болғаны 2-3 минуттай 1 ас қасық балды тамағыңызда ұстап тұрсаңыз жеткілікті. Бал микробты өлтіріп, тамағыңызды емдейді. Тыныс алу жолдарын ашып, қақырықтың тез түсуіне ықпал етеді.


Міне, ардақты оқырман, бүгінде түшкіру, жөтелу өте қауіпті белгілер болып тұрған шақта барынша абайлайық. Осы әдісті өзімізге де, жақындарымызға да жасап, аурудың алдын алайық. Ауыра қалған жағдайда асқынуға жол бермейік.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: flytothesky-ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына БЕС сусын НЕСЕП жолдарын емдейді


Өкшенің ЖАРЫЛУЫНА не СЕБЕП болады?


ЕСІНЕУ қандай ҚАУІПТІ аурудың БЕЛГІСІ екенін білесіз бе?

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет