​Өкшенің ЖАРЫЛУЫНА не СЕБЕП болады?

0
34 610

Өкшенің жарылуы күтім жасамағаннан деп қателеспеңіз, ол белгілі бір аурулардың пайда болуынан белгі береді.


​Өкшенің ЖАРЫЛУЫНА не СЕБЕП болады?

фото: zen.yandex.ru

Егер ағзаға омега-3 майлы қышқылы мен дәрумен жетіспесе, онда теріңіз құрғап, өкше тілімденіп, жарылады екен. Сонымен қатар, бауыр, қалқанша без, бүйрек жетімсіздігі, варикоз аурулары мазаласа да тері құрғайды. Оған қоса глюкоза мен инсулиннің көптігі де терінің құрғауына себеп болады.


ӨКШЕНІҢ ЖАРЫЛУЫНА:

  • Қышыма. Аяғыңызды жарақаттап алғаннан, жағымсыз иістен пайда болады. Бұл кезде өкше қабыршықталып, жарыла бастайды.


ҚАЛАЙ ЕМДЕЙМІЗ?

Алдымен қышыманы емдеу керек. Ол үшін дәріханада сатылатын бактерияға қарсы сұйықтық немесе дәрілер аласыз. Оның құрамындағы тербинафин қышыманы кетіріп, өкшенің жарылғанын емдейді. Бір аптадан соң-ақ теріңіз тегістеліп, өкшеңіз әдемі болады.

фото: vselekari.com


ЕСКЕРІҢІЗ!

Емді қолданудан алдын аяғыңызды сода қосылған сумен тазалап жуасыз. Сүлгімен мұқият сүртіп, таза ауада кептіресіз.


  • Эндокриндік ауру кезінде де өкше жарылады. Егер сіз қант диабетімен ауыратын болсаңыз, онда ағза сусызданып, салдарынан тері құрғайды, өкше жарылғыш тілімденіп шыға келеді.


ҚАЛАЙ ЕМДЕЙМІЗ?

Қант диабетімен ауыратындарға үзбей арнайы дәрі ішіп жүру керек. Бұл дәрі ауруыңызды емдеп ғана қоймайды, сонымен қоса, терінің саулығын сақтайды. Теріні түрлі бактериядан, микробтан қорғайды.


  • Тазалықты дұрыс сақтамағаннан болады. Күнде бетіңізді, қолыңызды жуғандай, аяғыңызды да сабындап жуу керек. Шұлықты да жиі ауыстырып тұру маңызды.

фото: eva.ru


ҚАЛАЙ ЕМДЕЙМІЗ?

Жеке тазалықты сақтау кез келгенімізге маңызды. Өйткені қолдың, тістің тазалығы бүкіл ағзамыздың саулығына жауап береді. Ал шаштағы, тырнақтағы, өкшедегі мәселе қандай аурудың «айналдырып» жүргенін айқындайды. Демек, тазалық аурудан айығудың алғашқы қадамы екенін ескеріңіз.

Өкшенің жарылуын емдеу үшін де алдымен тазалыққа ден қойыңыз. Ол үшін үлкен ыдысқа ыстық су құясыз. Оған ас содасы мен үгілген кір сабынды араластырыңыз. Қоспа әбден еріген кезде аяғыңызды салып, бұлау жасайсыз. Бұл ем өкшеге өте пайдалы. Теріңізді жұмсартады, тілімделгенін емдеп, тегістейді. Әрі аяқтың қан айналымын жақсартады.


  • Ағзада құрт болса да өкше жарылады.


ҚАЛАЙ ЕМДЕЙМІЗ?

Егер өкше құрттың кесірінен жарылып жүрсе, онда құртқа қарсы дәрілерді қабылдап, шайын ішесіз. Ең дұрысы, дәрігерге қаралып, арнайы сараптама жасатыңыз. Нақтылап алған соң тұрақты емін қабылдап, аз күнде оң нәтижесіне көз жеткізесіз.


  • Дәрумен мен минералды заттардың жетіспеушілігі де өкшенің тілімдеп жарылуына СЕБЕП болады.


ҚАЛАЙ ЕМДЕЙМІЗ?

Ағзаға А, В, С, Е дәрумендері мен микроэлементтер жетіспесе, өкше жарылып бастайды. Оның орнын толтыру үшін дәріханадан дәрумендер жиынтығын сатып алып ішіңіз.


Қандай ДӘРІ көмектеседі?

Жоғарыда айтып өткеніміздей өкшенің жарылуын емдеу үшін алдымен теріні жұмсартып алуымыз керек. Үйіңізге жақын орналасқан кез келген дәріханадан мына дәрілерді сатып алып, ем ретінде қолданасыз.

- Радевит – құрамы А, Е және Д дәруменіне бай мазь. Осы пайдалы құрамының арқасында теріні жұмсартып, қышығанын басады әрі теріні нәрлендіреді.


- Schoil – құрамы кератин, пантенол и ланолин заттына бай гель. Бұл терінің тілімделіп, қабыршақтануына керемет көмектеседі. Сонымен қатар теріңізді жұмсартып, ылғалдандырады.


- БиоАстин – өкшедегі қышыманы емдейді, инфекцияны жояды әрі жараны кетіреді. Бұл гель өз кезегінде теріні де жұмсартатын қасиетке ие.


Өкшенің жарылуына мұнан бөлек те мазь бен гель көмектеседі. Алдымен себебін анықтап алу маңызды. Егер жоғарыда келтірілген аурулар себеп болмаса, онда эритромицин, левомиколь, бенамицин немесе синтомициннің де көмегіне жүгінсеңіз болады.


Дәрілік заттар мен емді қолданбас бұрын дәрігермен кеңесіп алыңыз!


Дереккөз: heaclub.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына БЕС сусын НЕСЕП жолдарын емдейді


ТАМАҚ ауруын емдейтін ЖЕТІ әдіс


ЕСІНЕУ қандай ҚАУІПТІ аурудың БЕЛГІСІ екенін білесіз бе?