Варикозды үйде емдеуге болады

0
33 185

Білеуленген тамырды хирургиялық жолмен алдыруға асықпаңыз. Оны үйде емдеп, жазуға болады. Ол үшін төмендегі кеңестерді іс жүзінде жасап көріңіз.


Варикозды үйде емдеуге болады

фото: fashionhot.ru

Түрлі жағдайлардың себебімен пайда болатын варикоздан құтылу кез келген нәзікжандының арманы болса керек-ті. Өйткені аяқтағы білеуленген тамыр аяғыңыздың сұлулығына сын келтірсе, екінші жағынан ауыртатыны бар. Білеуленген тамырды хирургиялық жолмен алдыруға асықпаңыз. Оны үйде емдеп, жазуға болады. Ол үшін төмендегі кеңестерді іс жүзінде жасап көріңіз.

* Кез келген дәріхананың сөресінен табылатын алма сірке суынан 1-2 тамшы 1 стақан жылы суға араластырып, таңертең ашқарынға ішесіз. Бұл сіздің ағзаңызды А, В және С дәрумендерімен қамтиды, қан тамырлардың саулығын арттырады әрі теріңізді тегістейді.

* Үйіңіздегі каланхоэ гүлі де сіздің дертіңізге дауа болады. Ол үшін гүл мен спиртті бірдей көлемде алып, араластырыңыз. Дайын болған тұнбамен білеуленген тамырды сүртіңіз. Емді 1 ай бойы жүргізесіз.

* Көк қызанақтың да кереметеі мол. Ол үшін қызанақты езіп, білеуленген тамырға жағасыз. Сыртынан қағаз қойып, жұқа матамен орап қойыңыз. Шамамен 30-40 минуттан соң компресті аласыз. Осылайша үзбей 2 апта жүргізсеңіз, ем нәтижесін береді.

* 2 ас қасық қалақайды 250 гр. қайнаған суға салып, тұндырыңыз. Тұнба салқындаған соң сүзіп алып, жарты стақаннан ішесіз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.

* 3 дана алманы 1 литр қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 4 сағаттан соң алманы езіп ботқа жасайсыз. Оған бал араластырып, таңертең және кешке ішке қабылдайсыз. Алма тұнбасы қан тамырларыңыздың саулығын арттырады.

* Жасыл грек жаңғағы білеуленген тамырға керемет ем екенін екінің бірі біле бермес. Оны дайындау үшін жаңғақты ыдысқа саласыз. Үстіне зәйтүн майын құйып, 6 апта тұндырып қойыңыз. Ыдысты күн тимейтін жерге қоюды ұмытпаңыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбамен күнде жатар алдында аяғыңызды сүртесіз.

* Орташа көлемдегі картопті үккіштен өтікізіңіз. Оны варикоз шыққан жерге жағып, сыртынан дәкемен орап қоясыз. Осылайша таңға дейін жатасыз. Таңертең компресті алып, аяғыңызды жылы сумен шаясыз.

* 250 гр. сарымсақты қабығынан аршып, үгесіз. Сосын оны 350 гр. таза балмен араластырып, 2 аптадай тұндырып қоясыз. Белгіленген күннен соң тұнбаны алып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішке қабылдайсыз. Емді 2 апта үзбей жүргізсеңіз, ішкі ағзаларыңызды тазартасыз әрі варикоздан құтыласыз.

Ләззат Ахметова,

ERNUR.KZ.