​ЗАТ АЛМАСУ бұзылса МЫНА аурулар белең алады

0
14 236

Ағзаның зат алмасуын қалпына келтірсеңіз, денсаулығыңыз жақсарады, теріңіз жасарады әрі артық салмақтан арыласыз.


​ЗАТ АЛМАСУ бұзылса МЫНА аурулар белең алады

фото: tr.toluna.com

Ағзадағы зат алмасу бұзылғанда адам тез шаршағыш, әлсіз келеді. Ұйқысы бұзылып, бас ауруына шалдығады. Сонымен қатар, артық салмақ жинап, семіздікке бой алдырады. Осы сынды мазасыздықтар байқалса, онда учаскелік дәрігерге тексеріліңіз.


Зат алмасудың бұзылуы:

  • эндокриндік ауруға;
  • артритке (шорбуын);
  • бүйректе тас байлануға;
  • семіздікке;
  • қант диабетіне;
  • инсульт немесе инфаркт алуға;
  • тіс ауруына;
  • терінің өзгеруіне;
  • асқазан, асқорыту жүйесінің ауруларына;
  • ентігу;
  • ішек, іш қату, іш өту ауруларына әкеп соқтырады.


Зат алмасу неден бұзылады?

  • дұрыс тамақтанбағаннан;
  • минералды заттар мен дәруменді жеткілікті түрде қабылдамағаннан;
  • дәрілерді үзбей ішкеннен;
  • экологиясы нашар ауданда тұрғаннан зат алмасуда өзгеріс орын алады.


фото: supplementsourceblog.ca


Зат алмасуды реттеу үшін 3 қадам жасаңыз

  1. Ағзаңызды қажетті дәрумендер мен минералды заттармен байытыңыз. Дәрумендер жиынтығын дәріханадан табуға болады. Сапалы әрі құнарлы тағамдарды тұтыныңыз. Ағзаны шлактар мен улы заттардан тазартыңыз. Мұның бәрін терапевт дәрігермен ақылдасып алу керек.
  2. Иммунитетті нығайтыңыз. Зат алмасудың дұрыс болуы иммундық жүйеге тікелей байланысты. Ииммунолог дәрігермен кеңесе отырып, иммунитетіңізді көтеріңіз. Сонда зат алмасу жүйесі өз жұмысын жандандырады.
  3. Белсенділік танытып, дене жаттығуын жасаңыз. Бұл да өз кезегінде зат алмасу жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді. Егер сіз бір орында отырып жұмыс істесеңіз, қимыл-қозғалысыңыз аз болса, онда емдік жаттығудан бастаңыз.

Жалпы, зат алмасуды реттеу үшін міндетті түрде эндокринолог дәрігермен кеңесіңіз.

фото: womanjour.ru

Зат алмасуды жақсартатын халық емдері

  1. Кеңдеу ыдысқа 2 ас қасық ұнтақталған қайың бүршіктері (березовые почки) мен кептірілген түймедақ (ромашка) гүлін, 1 ас қасықтан салаубас (бессмертник) пен шайқурай (зверобой) шөбін араластырыңыз. Шөптің 1 ас қасығын 500 мл қайнаған суға салып, жылы орап қойыңыз. Шамамен 20 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 шай қасық бал араластырасыз. Емдік тұнбаны күніне 1 стақаннан 2 рет ішесіз. Емді таңертең және кешке үзбей 1 ай бойы жүргізу керек.
  2. 1 ас қасық ұнтақталған бүрген (калина) жидегін 250 мл қайнаған суға салып, жылы орап қоясыз. 2 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1/2 стақаннан күніне 2 рет қабылдаңыз. Емделу мерзімі – 1 ай.
  3. 2 шай қасық грек жаңғағының ұнтақталған жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып бетін мықтап жабыңыз. Бір сағаттай жылы орап қоясыз. Белгіленген уақыттан соң емдік тұнбаны сүзіп алып, 1/2 стақаннан үзіліссіз 10 күн ішесіз. Емді әр тамақтан соң қабылдау керек.

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Аударған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ.

Дереккөз: inmoment.ru


Тағы оқыңыз:


ДӘРУМЕНСІЗДІК билеген бойды қуаттандыратын ДӘРУМЕН


Көктемгі ШАРШАУДЫ басатын АЛТЫ әдіс