Көктемгі ШАРШАУДЫ басатын АЛТЫ әдіс

0
7 150

Жан-жағыңызға зер салсаңыз көңілі түсіңкі, қабағы қатулы, ұйқысы қанбаған, шаршап жүрген жанды көресіз. Мұның бірден бір себебі – ағзадағы дәрумен мен минералды заттардың аздығы. Оның орнын толтыру үшін төменде жазылған 6 әдісті қолданыңыз.


Көктемгі ШАРШАУДЫ басатын АЛТЫ әдіс

фото: tampabaysmix.iheart.com

Көктемгі шаршау мен әлсіздікке уақытша ғана қолайсыздық деп қарауға болмайды. Қалжыраған ағзаға аздап көмектесіңіз. Қажетті дәрумендерді ішіңіз, балғын жемістер мен көкөністерді көбірек жеңіз. Таза ауада жиі серуендеп, кешке 5-10 минуттай жаяу жүріңіз. Бұл көктемгі келеңсіздіктерден арылып, бойыңызды қуаттандыруға күш болады.


фото: fotokto.ru


Адамтамыр (женьшень) – жалпы қан айналымды реттейді. Ағзаның ауруға қарсыласуын күшейтеді, қан қысымын қалпына келтіреді, жыныс жолдарындағы ауруларды емдейді әрі жүйке жүйесін жақсартады.

Ол үшін күніне 3 рет 15-25 тамшы адамтамыр тұнбасын ішу керек. Емді тамақтанудан жарты сағат бұрын жүргізесіз.


Сермене (лимонник) – тыныс жолдарын, көру қабілетін, қандағы қант мөлшерін, қан тамырларын, асқазан жарасын емдеу үшін кеңінен қолданылады.

Аты аталған аурулардан алыс болу үшін күніне 15-20 тамшы сермене тұнбасын ішесіз.

Емді күніне 3 рет тамақтанудан 30 минут алдын қабылдаңыз.


Маралтамыр (левзея) – бауыр ауруына керемет емдік шөп. Сонымен қатар қан тамырларды кеңейтеді, гемоглобинді көтереді.

Емдік үшін 1 ас қасық суға 20-30 тамшы маралтамырды қосып ішесіз. Емді күніне 3 рет тамақтан алдын жүргізу керек.

фото: yourdentalhealthpartners.com


Қызғылт семізот (родиола розовая) – орталық жүйке жүйесіне пайдалы. Жүрегі ауыратындарға таптырмайтын дәрі. Әсіресе жас балалардың ағзасын қуаттандырады. Жұмысқа қабілеттілікті арттырып, зат алмасуды жақсартады. Есте сақтау қабілетіңізді жоғарылатып, көңіл-күйіңізді көтереді.

Ем үшін 5 тамшыдан 25 тамшыға дейін қабылдайсыз. Емді күніне 3 рет тамақтанудан 30 минут алдын жүргізесіз.


1 ас қасық кептірілген итмұрынды (шиповник) 0,5 литр қайнаған суға салып, отқа қоясыз. 10 минуттай қайнатып алып, жылы орап тұндырып қойыңыз. Шамамен 1 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, жарты стақаннан күніне 3 рет ішесіз. Емді тамақтан алдын қабылдау керек.

Дәмі ұнамаса аздап бал немесе қант қосуға болады.


1 ас қасықтан жалбыз (мята), киікоты (дущица), жебіршөп (чабрец), шайқурай (зверобой), таңқурай (малина), шетен (рябина), қойбүлдірген (земляника) және қарақат (смородина) үгіндісін араластырыңыз. Оны 1,5 литр қайнаған суға салып, отқа қоясыз. 5 минуттай қайнаған соң қақпағын мықтап жауып тұндыру керек. Шамамен 30-40 минуттан соң дәруменге бай сусынды сүзіп алып, 1 стақаннан күніне 3 рет ішіңіз.


Көктем мезгілінде дастарханыңыздан пиязды, сарымсақты, ақбас қырыққабатты, балғын жемістер мен көкөністерді үзбеуге әдеттеніңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.



Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


ДӘРУМЕНСІЗДІК билеген бойды қуаттандыратын ДӘРУМЕН


Наурыз көжеге қосылатын МЫНА дәндер ЖЕТІ ауруды емдейді