​«1500 дана раушан гүлі, қымбат көлік...»: Ернар Айдар анасына ерекше сый жасады

0
3 617

Анасы да қонақтарға күй орындап беріп, таң-тамаша етті


​«1500 дана раушан гүлі, қымбат көлік...»: Ернар Айдар анасына ерекше сый жасады

Эстрада жұлдызы Ернар Айдар анасының 60 жас мерейтойын Тараз қаласында дүркіретіп тойлады. Оны әншінің өнердегі достары «Инстаграм» парақшаларында жария етті.


«Ұл-қыздарыңыз, немерелеріңіздің атынан сізге арналған сыйлығымызды қабыл алыңыз» деп Ернар Айдар анасына «Тойота» көлігін «060» нөмірімен тарту етті. Сондай-ақ тойханаға 1500 дана қызыл раушан гүлін алдырып, келген қонақтарды таң-тамаша етті. Әнші анасына сиясы кеппеген жаңа әнін шырқап берді.



Той тізгіні белгілі актер, асаба Нұржан Аташқа бұйырған. Әншінің анасын құттықтауға Қайрат Әділгерей, Төреғали Төреәлі ата-анасымен барып, жүрекжарды тілектерін білдіріп, ән айтқан.

Әншінің отбасы 1500 раушан гүлін тойхананың ортасында келген қонақтардың бәріне таратты. Ал той үстінде Ернардың анасы немерелеріне үйреткен «Қос алқа» күйін бірге орындап берді.