«16-20 жасымда жұлдыз ауруымен қатты ауырдым»: Мәдина Садуақасова жерге қалай түскенін айтты

0
1 483

«Ninety one» тобы – қазақстандық шоу бизнестің басы


«16-20 жасымда жұлдыз ауруымен қатты ауырдым»: Мәдина Садуақасова жерге қалай түскенін айтты

Мадина Садуақасова НТК телеарнасындағы Анар Батырхан жүргізетін «TABOO» бағдарламасында сұхбат берді.

Белгілі эстрада әншісі Мадина Садуақасова 16-20 жас аралығында 4 жыл жұлдыз ауруымен қатты ауырғанын айтты.

– 1996 жылдары жас кезде болды. Өнерге қадам басқан әр адамда жұлдыз ауруымен ауыратын сәті болады. Жұлдыз ауруымен ауыру да – өмірдің бір кайфы ғой. Кәдімгідей бас жоғалтып, бейне бүткіл өмір сенің қолыңда тұрғандай болады. Ауырып алсын. Ол емделетін ауру. Өзім жерге күшті түстім. Астанаға Президент оркестріне барған кезде өзіме келдім. Сонымен қатар студент болып жүргенмін. Қызылордада жүргенде «Мені бәрі таниды. Қызылорда қаласының «Жыл адамы» атақ берілді» деп өзіме сыймай жүретінмін. Сосын ол басылды, - деді өткен күндерге саяхат жасаған әнші.

Сонымен қатар әнші жастарды көп тыңдайтынын тілге тиек етті.

«Хейтті жастар жақсы қабылдайды. Мен де хейтті жай қабылдауды жастардан үйрендім. Үш жыл бұрынғы сұхбатымда «91» тобын шоу бизнестің басы деп айтқан болатынмын. Сол сұхбатта айтқанымды кейіннен көптеген продюсерлер менің бетіме басты. Ол сөзді қайтып алмаймын. Өйткені, жақында бір концертте таныс проюсермен тағы да пікір таластырып қалдық. Шоу мен бизнесті қатар алып жүріп өнерді жарқыратып көрсеткен «91» тобы болды. Өйткені, бірде-бір әнші осы уақытқа дейін өзінің фан-кездесуінен билет сатпаған. Бірде-бір ән айтпай, кездесіп, автограф бергені үшін билет сатылған. Ол нағыз бизнес. Аталған топпен бірге көптеген ресейлік жобаларға қатысқанмын. Сол уақыттарда «Қазақстанда шоу бизнес бар екен ғой» деген пікірлерді естідім. Сөйтсем, сол «91» тобы туралы айтып жатыр екен. Жігіттер сахнаға шыққанда нағыз шоу көрсетті. Сол сахнада біз де өнер көрсеттік. Бірақ, «91» тобына қойылғандай спецэффектілер, қойылымдар болған жоқ. «Қол қойылмайды, фан-кездесуге билет сатып алыңдар» деген әңгіме естідім. Содан кейін сондай шешім қабылдадым», - деді әнші.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері бұлардан бөлек, өзінің отбасы, әкесінің мінезі, отбасына жасаған қамқорлықтары жайлы сөз қозғады.

– Әкеме осы күнге дейін бауырларыммен бірге 7 «Лада Гранта» көлігін алып бердік. Дәл осы көлікті өзі қалады. Оған дейін «Джипп», «Хундай» сияқты көлік маркаларын алып бергенмін. Әкемді басқа бір күшті көлікке мінгізер едім, бірақ, ол бірбеткей адам. Оның дегені деген. «Менен басқа адам жасамай-ақ қойыңдар. Біз қарапайым адамдармыз. «Джипп» мініп, айналамдағылардан, дос-жарандарымнан ерекшеленгім келмейді» деген соң өз қалағанын алып бердік.

Мадина Садуақасова сонымен бірге жолдасының өзінен 7 жас кіші екенін жасырмады.

«Менің жақындарым жақсы қабылдады. Біз жақта адамның жасы емес, махаббаты, сыйластығы басты орында тұрады. Қазір жас айырмашылығы сезілмейтін сияқты. Мінезге де байланысты болса керек. Олжас өте салмақты, барлығын жоспарлайды. Аяқ астынан болатын нәрселерді жақтырмайды. Бірақ, соңғы 2-3 жылда өзгерді, қазір менен аяқасты ұсыныстарды күтіп жүреді. «Бір жаққа барып демалып келейік» дейді. Олжастың әулетінде жас айырмашылығы тек біздің жұпта ғана емес, біразында әйелі күйеуінен үлкендеу. Содан болар, ол жақта жасқа онша мән бермейді», - деді.

– Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды, ұрыс болғанда қалай шешесіңдер? – деген журналистің сауалына:

– Бір қиыны, Олжас ренжіген кезде үндемей қалатыны бар. Біз ұрыспаймыз. Олардың отбасында бәрі жай сөйлейді. Ал мен эмоционалды адаммын. Бәрін айтып тастағанды жақсы көремін. Бірақ, кері реакция болмаған соң адам өзімен-өзі ұрыса бермейді ғой. Қазір мен де байыппен, ақылмен шешетін болдым, - деп жауап берді.