"20 шақты адамның төсегін салып, кірін жуған күндерім болды": Жазира Байырбекова өткен кездерін еске алды

0
6 671

"Мен барахолкада аяқ киім саттым", - дейді әнші.


Танымал әнші Жазира Байырбекова "Ауылда тұрсаң көрер едім" деп сынаған оқырмандарына жауап берді. Ол жазбасында өзінің де бірнеше жыл ауылда тұрғанын, онда қандай жұмыстар істегенін ашық жазған.

Жазира Байырбекова: “Ауылда тұрсаң көрер ем” дейді біреу.
Мен ауылда тұрдым ғой.
“Сиыр саудырып қойса көрер ем” дейді біреу.
Сиырды да сауып көрдім.Сиырың болса сауғанның несі жаман.
“От жағып,күнде 5-6 адамның тамағын жасайтын болсаң көрер ем” дейді біреу.
Бір үйде 20 шақты адамның төсегін салып,тамағын жасап, ыдысын, кір машинасыз қолмен кірін жуған кездерім де болды.
“Біз сияқты базарда тұрсаң көрер едім” дейді біреу.
Мен барахолкада аяқ киім саттым. Одан кейін Бурондайдың базарында Жәкең екеуміз жеміс жейдек саттық. Таңғы 7-8 ден түнгі 11 ге дейін тұратынбыз ашық базарда.
“Біз сияқты көпбалалы болсаң көрер ем” дейді біреу.
Бізде бір ұл,бір қыз деген аты ғана.Үйде 10 шықты адам тұрамыз,жүреміз үнемі.
«Күйеуің қатал болса көрер ем” дейді біреу.
Қызылорданың жігіттері әйеліне жұмсақ болады деп кім айтты?!
“Өмірлері рахат,әдемі киініп алып ары бері ұшып жүреді” дейді біреу.
Шаршап тұрғанымызды,ауырып тұрғанымызды көрсете берсек 3 млннан аса подписчигіміз болмас еді
“Осы қыздың дым проблемасы жоқ, отбасы, бала-шағасы қасында, аман есен. Ақшасы жеткілікті, бизнестері көп, бақыттан басы айналып, тек қыдыруды ойлайды” дейді біреу.
Ол енді рас... Аумин айтқандарыңыз келсін
Маған жақсылықты кейбіреулер осылай тілейді
Осылай жазып жатқандардың бәрі біздің ауылда фазендамыз болса, сиыр фермасы болса, көөп немерелері болса,жеке меншік базарлары болса, жеке ұшақтары болса деп тілеп жатқандай көрінеді маған Аумин!"


Бұл жазбасын оқыған желі оқырмандары "Сәлеметсіз бе, кім қалай деседе ешкімге бұлай түсініктеме беруге міндетті емессіз сіз жүрген жолмен олар жүрген жоқ сынауға да хақылары жоқ. Түсініктері төмендер ғана солай жазады деп ойлаймын, осылай ақталған сайын олардың қатары көбейе береді. Сіздің өз еңбегіңіз, іші күйгендер мұз жаласын", "Елдер айта береді, қалада ма, ауылда ма бәрібір, адамның өзіне байланысты ғой. Өз-өзіңді күте білу керек" деген пікірлермен қолдау білдіруде.