22 жыл күткен сәби: Жазира Байырбекова екінші рет ана атанды

0
15 661

Жұлдызды жұп Жазира мен Жанболат 22 жылдан соң сүйген қыздарының өмірге келуін неліктен жасырған?


22 жыл күткен сәби: Жазира Байырбекова екінші рет ана атанды

Жанболат пен Жазира осыдан бірнеше ай бұрын сәбилі болды. 22 жылдан кейін қызды болғанын құпияда ұстаған жұлдызды жұп қуанышты жаңалығымен тек кеше ғана бөлісті. Бұл туралы Жазира Байырбекова жеке Instagram парақшасында жариялады.

Жазира Байырбекова көптен бері сәбилі болғандығын айтуға күйеуі Жанболат Ербатыров рұқсатын бермегенін жазған.

Бірнеше ай бұрын орын алған отбасымыздағы қуанышымызбен бөлісуге папамыздан бүгін рұқсат алдық, - дейді Жазира.

Жанболат пен Жазираның тұңғышы Қазбек қыздың есімін Дара деп өзі қойғанын айтады.

"Өмірге бір адам ел жаулау үшін, бір адам ел басқару үшін, бір адам махаббаты үшін, ал мен жанұяма қызмет ету үшін келдім. Ата-анама тек баласының рөлін сомдап емес - досы, директоры, қамқоршысы, көмекшісі, екі жұптың халықты қуантуға септігін тигізуші ретінде Құдайдың маған берілген тапсырмасын түсінгендеймін. Дара қарындасымды қандай жоспар күтіп тұрғаны бізге беймәлім. Бірақ, Дара есімін қойған себебім, 22 жыл үзіндіден кейін табылған, ерекше күнтізбе туылған, біздей мықты отбасын таңдаған, ең бастысы Қазақ елінде туылған, ерекше- Дара атқа ие болды", - деп жазыпты Қазбек.

Әнші жұптың қуанышты жаңалығын естіген жұрт оларды құтықтап, нәрестеге ұзақ ғұмыр тілеген.

"Дара қызың отбасыңа бақыт әкелер дана қыз болсын!", "Түсіме кірген едіңіз, қуаныштымын. Жақсы жаңалық, балаларыңыздың қызығын көріңіз" - деп жазған желі қолданушылары посттың астына.