"305- ші баланың тұсауын кесуім": Танымал блогерлер ұлдарының тұсауын Сәкен Майғазиевке кестірді

0
3 191

"Отбасымызбен оның өнерін құрметтейміз" - дейді Дана Есеева.


Танымал блогерлер Мейіржан мен Дана өздерінің ұлдарының тұсайын белгілі әнші Сәкен Майғазиевке кестіруді жөн көрген. Ал Сәкен Майғазиев осымен 305 баланың тұсайын кесіп жатыр екен.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында "305- ші баланың тұсауын кесуім, АЛЛАға шүкір. Бүгін Мейіржан @meirzhach_tv мен Дананың @dana_yesseyeva ұлдары Жантөре құлыншақтың тұсауын кесу мәртебесі бұйырыпты. Жолы ашық болсын. Сіздерге жұғысты болсын!" деп жазды.


Дана Есееваның айтуынша, олар отбасымен Сәкен Майғазиевті ерекше сыйлайды. Сондықтан да ұлдары Жантөренің тұсауын кестіруде ұйғарған екен.

Олардың желідегі фото-видеоларын көрген оқырмандар балапанның қадамы құтты болуын тілеп, ақ тілектерін арнап жатыр. Сондай-ақ өздерінің де балаларының тұсауын Сәкен Майғазиев кескенін қалайтын желі қолданушалары көп екен.