​«Айфон мен Самсунг қосылды»: Актер Олжас Нұрбай мен актриса Ұлбосын Шалқарова бас қосты

0
1 875

Актер өзінің өмірлік жарымен бір киноға түскен


​«Айфон мен Самсунг қосылды»: Актер Олжас Нұрбай мен актриса Ұлбосын Шалқарова бас қосты

Белгілі актер, режиссер, ел ішінде «Ауылдастар» телехикаясындағы Айфон» атанып кеткен Олжас Нұрбай актриса Ұлбосын Шалқаровамен шаңырақ көтерді. 6-қаңтар күні Шымкентте актрисаның ұзату тойы өтті.


Олжас Нұрбай - "Нью-Йорк фильм" академиясының түлегі. Көпшілікке «Сәке», «Скорая», «Мошенники», "Боксерша" фильмдері арқылы жақсы таныс. Ал Ұлбосын Шалқарова «Бәсеке», «Бажа», «Бақыттың кілті» телехикаяларында басты рөлдерді сомдаған. Екі ғашық таяуда ғана Олжас Нұрбайдың «Пельменное рабство» фильмінде ерлі-зайыптылардың рөлінде ойнады.


Өнерлі жұптың Шымкентте өткен ұзату тойы әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Көпшілігі екі жасқа бақыт тіледі. «Күйеуге тиген соң осылай тию керек, жыламай, сықтамай. Жарайсың!», «Күнде шошаңдап жүріп, ұзатылатын тойында өтірік сызылып қалғанын жек көрем, мына қыз жадырап, жайнап жүр, молодец!», «Айфон мен Самсунг қосылды деп айтса болады», «Биылғы жыл отырып қалған «кемпірлердің» жылы болды ғой», «Екеуі әдемі жарасып тұр, бақытты болсын!» деп жазды желі қолданушылары.