«Әке болғым келеді»: Жахан Отарғалиев отбасылық өмірі туралы жан сырын ақтарды

0
1 542

«Ешқашан әйелімді анамнан артық көрмеймін»


«Әке болғым келеді»: Жахан Отарғалиев отбасылық өмірі туралы жан сырын ақтарды

Актер Жахан Отарғалиев отбасылық өмірі жайлы сыр шертіп, анасы мен әйелінің қарым-қатынасына қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі болашақта перзент сүйіп, оған нағыз үлгілі әке болуға тырысатынын жеткізді.


Жахан Отарғалиев балалы болуға қатысты пікір білдіріп, оны тәрбиелеу жағынан өз әкесінен үлгі алатынын жасырмады. Ол перзентін ұрмай-ақ сыйлайтын әке болғысы келетінін айтты. Оған қоса әзілкеш бала тәрбиесінде әйелдің де орны ерекше екенін атап өтті. Актер отбасылық өміріне қатысты жан сырын "Taboo" бағдарламасында ақтарды.


"Алла қалап перзент берсе, мен өз әкем секілді әке болғым келеді. Ұрмай-соқпай-ақ сыйлай алатын әке болғым келеді. Әкені жақсы көрсететін де, жаман көрсететін де әйелің. Сондықтан бәрі әйелге байланысты. Отбасындағы көңіл-күйді кіргізетін де, кетіретін де әйел. Бала тәрбиесінде әйелдің орны ерекше. Мен ешқашан әйелімді анамнан артық көрмеймін. Әйелімді жақсы көремін. Бірақ мен үшін анам бірінші орында. Анам оны біліп алып, келініне тиісіп жүретін ене емес. Анам өте ақылды әйел. Мені де, келінін де жақсы көреді. Балжан да анаммен тез тіл табысты. Соған қуанамын", -деді Жахан.