​Актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден өтті

0
2 018

«Менің жүрегімді уайымдап жүр еді...»


​Актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден өтті

Белгілі актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі Әбдімүтәлі Әбдіхалықов бақилық болды.Бұл туралы актердің өзі «Инстаграм» парақшасында жария етті.


«Менің жүрегімді уайымдап жүргенде өзінің жүрегі тоқтады. Қайран әкем, өте жақсы адам болып өттің өмірден» деді Сәбит Әбдіхалықов.


Актердің бірінші әйелі, әнші, актриса Айгүл Иманбаева да өзінің парақшасында экс-қайынатасының қазасына көңіл айтты. «Бүгін Асылжанымның атасы Әбдімүтәлі өмірден өтті. Жақсы кісі еді, иманды болыңыз, папа. Мына видео біздің соңғы кездесуіміз екен» деп естелік видеоны желіге жүктеді Айгүл Иманбаева.