Алтынай Жорабаева: "Сәбит пен Айгүл туралы айтатын болсам, сорақы әңгімелер жетеді"

0
1 528

"Бір концертте Айгүл "Кел, Жорабаева! Бірге фото салып қояйық, жұртқа азық болсын” дегенде таңғалғанмын", - дейді Жорабаева.


Алтынай Жорабаева:

Елімізге белгілі Алтынай Жорабаева Айгүл Иманбаеваның сөзіне қатысты пікір білдірді. Осыған дейін актриса Айгүл Иманбаева өзінің ұлына сұқбат беріп, "Алтынай тәте жақтырмайды" десең де, әкеңмен араластырдым" деген еді.

Ал Алтынай Жорабаева бұл сөздің шындыққа жанаспайтынын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Алтынай Жорабаева: "Өткенмен өмір сүру ,
қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз? Өткенді езе бергеннен жан тыныштық таба ма?
Айналаңа қарап, шүкір етуден тұрмай ма, бұл өмірдің рахаты ?!
Айгүл Иманбаеваның сұқбатын маған жібере берген соң , осы жерге жазуды жөн көрдім . Себебі, көбі сол сөзге сеніп отыр. Мына нәрсе түсінбеймін… Егер Айгүлдің , ұлы Асылжанның реніші болса, неге оны Сәбит, Айгүл, Асылжан үшеуі отырып әңгімелесіп шешпейді? Міндетті түрде фильм түсіру керек пе?
Мақсат не?
Әлде, осылай хайп жасау арқылы қаралым жинаймыз деп ойлады ма екен?
Бір коцертте Айгүлдің: Кел, Жорабаева ! Бірге фото салып қояйық , жұртқа азық болсын” дегенде таңғалғанмын.
А. Иманбаеваның: “ Алтынай тәте жақтырмайды, деп жылап келетін” деген әңгіме басқаша болған.
Осы нәрсені маған да Айгүл айтқанда, таңғалып , “Мүмкін емес, керісінше , Асылжан мен әкесі аралассын деп мен айтып едім ғой. Сендер екі жақтан қарсы болдыңдар ашуға салынып “ дедім.
Керісінше ,мен анамын ғой , олай болуы мүмкін емес дегенде, Айгүл маған , Асылжан әкесін қызғанатынын айтқан болатын . Кейін мен Асылжанның өзіне айттым : Асёка мен сені жақтырмайтын мінез көрсеттім бе дегенде, жоооқ оны қайдан естідіңіз дегенде, мамаң айтты деп едім. Мен ондай нәрсе айтпадым деді . Сонда кім өтірік айтып отыр?
Негізі, Сәбит туралы, Айгүл туралы айтатын болсам, сорақы әңгімелер көп қой . Оны елге жариялап керегі қанша ? Өткен іс өтті . Өткенді езгеннен ештеңе шықпайды. Солай болу керек , хайырлысы деп қабылдаймын… Өмір тамаша ғой".


Бұл жазбаны көрген желі қолданушылары екі тарапқа бөлініп, бірі Алтынай Жорабаеваға қолдау білдірсе, екінші бір тобы Айгүл Иманбаеваның сөзі иланатындарын жазған.

Желі қолданушыларының бірі "Айгүл Иманбаеваның айтқанын естігенде бір түрлі болдық. Бірақ оны не мақсатта айтты екен деп таң қалдым. Ондай адамдардан аулақ жүру керек негізі. Сүрініп қалса, құлап қалды, құлап қалса өліп қалды деп айтудан жан салмайды ау. Пейілі тар адамдар солай айтады. Иманбаева өнерде ғана емес, өмірде де актриса екен. Не мақсатпен айтты екен ұлына айтып отыр ғой. Аулақ жүру керек ондай адамдардан и всё" десе, тағы бірі "Айгүл өтеееее тамаша адам. Жорабаеваны жақтап, мақтау үшін Айгүлді жерден алып, жерге салып жамандап, жерге тығудың керегі жоқ. Айгүл өтееее тамаша тұлға, жақсыыы келіншек" деп жазған.