​«Алтынайдың төрт қызы әкесінің тегінен бас тартты»: Талғат Жорабаев Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасы жайлы айтты

0
9 123

«Әлішердің орнында болсам төрт қызы бар әйелге үйленбес едім»


​«Алтынайдың төрт қызы әкесінің тегінен бас тартты»: Талғат Жорабаев Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасы жайлы айтты

Әнші Талғат Жорабаев «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасында әпкесі Алтынай Жорабаева жайлы барлық шындықты айтып берді.


«Алтынайдың қолы ашық. Бір жерден ірі көлемде табыс тапқанда «Талғат, бері кел, мынаған балаларға бірдеңе алып бер» деп конвертпен ақша беретін. Соңғы берген конвертінде ақша екен деп ойлап қалдым. Сөйтсем «жүктілікті анықтайтын тест» екен. Елдің бәрі әпкесінің інісіне тест ұсынып, жүкті екенін айтқанын ерсі деді. Бірақ мен төрт баланың әкесімін ғой, ондай нәрсені көріп жүрген адаммын.


Алтынайға «гендер пати» жасамайсыңдар ма деп едік, олар ондайды істегісі келмеді, тіл-көз деген нәрсе бар. Оның үстіне көбісі айтып жатады «мынау қатын үлкейген кезде алжыпты» дегенді. Сондай боп кете ме деп Алтынайдың өзі бас тартты» деді Талғат Жорабаев.


Әнші сондай-ақ Алтынайдың бұрынғы күйеуі, актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасы жайлы айтып берді.


«...Алтынайдың қыздары әкелерімен аралсады. Алтынай әрқашан жіберіп тұрады, «Жағдайын сұрап тұрыңдар» деп айтады. Бауыры болғасын Алтынайдың жанында мен болдым ғой, бірге тұрдым. Сол кезде екеуі қанша ұрысса да, Алтынай ешқашан қыздарына әкелерін жамандаған емес. Қарсы қоймады. Өзім оны көрген кезде амандасып, қол беретінмін. Қолымды алмайтын кездер болды. Ол енді өзінің санасындағы дүние. Мен барынша кішіпейіл болуға, тәрбиелі екенімді көрсетуге тырысам» деді Талғат.


Алтынай Жорабаеваның Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқан соң екінші мәрте тұрмысқа шыққаны белгілі. Осы орайда әншінің інісі кейінгі жездесі жайлы да сөз қозғады.


«Қазіргі жездеміз Әлішермен жақсы тіл табысып кеттік. Екеуі Аллаға шүкір, үлгі боларлықтай отбасы боп отыр. Кей кезде Алтынайдың өзіне «мен еркек боп, қанша жерден «мықтымын» деп кеудемді ұрсам да, төрт баласы бар әйеді ала алмас едім» деп мойындаймын. Әлішердікі үлкен ерлік болды. Нағыз еркек, сол үшін оны қатты жақсы көрем.


Әлішер бұған дейін мүлдем үйленбеген. Орыс мінезді, кәсіпке бет бұрып, бауырларын аяқтандырам, үйлендірем деп жүргенде уақытының қалай өтіп кеткенін білмеей қалған ғой. Үйіндегілер «үйленсейші» деп қолқалап жүргенде Алтынайды кездестіріп қалып, біздің әке-шешеміздің алдынан өтіп, ақ батасын алып, екеуі шаңырақ көтерді.


Ел «Алтынайдың ақшасы мен атағына бола үйленді» деп айтып жатады. Олай емес, Әлішер өзінің жағдайын баяғыда жасап тастаған. Бизнестері бар, алып қойған зауыттары бар. Кезінде Алтынай жиһаз дүкенін ашып еді ғой, ол да Әлішердікі болатын» деді Жорабаев.


Алтынайдың төрт қызы өгей әкесінің тегіне өтпекші болыпты. Алайда Алтынай оған қарсы шыққан.


«Төрт қызы өз тектерінен бас тартып, Әлішердің тегін алғысы келді. Бірақ Алтынай «қой, ертеңгі күні ұят болады, Құдайдың алдында әкелерің басқа адам ғой» деп тоқтатты. Дегенмен де қыздар қазір әлеуметтік желілердегі парақшаларын Әлішердің тегімен ашып алған. Бұл енді өздерінің шешімдері болды» Алтынайдың інісі.