​«Анадан жаңа туғандай жалаңаштанып...»: Қарақат Әбілдина Германияның өмір салтынан шошығанын айтты

0
35 769

«Алла сақтасын, түсіне алмадым»


​«Анадан жаңа туғандай жалаңаштанып...»: Қарақат Әбілдина Германияның өмір салтынан шошығанын айтты

Германияға ем алуға, демалуға барған жұлдызды жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина сол елдің ерекше салтын айтып, таңданысын білдірді.


«Он күнге жоспарланған сапарымыз өз мәресіне жетті. Ең бастысы, көздеп келген мақсатымыз орындалып, көңіліміз жайланып қайттық. Енді, Германия – неміс елі, біз бұл елге осыдан он жыл бұрын келген едік. Таңғалатын да, тамсанатын да тұстары өте көп екен.


Бір таңғалатын нәрсе жайлы айтайын, адам өзінің туысын, досын туған күнге шақырады екен. Сол туған күнге келген қонақ ішкен-жегенін өз есебінен төлеп кетеді екен. Осы нәрсе маған кішкене тосын көрінді. Бұл біздің қазақшылыққа жат дүние, түсіне алмадым.


Тағы бір шошындырған жағдай, жасы да, кәрісі де, әйелі де, ері де, балаларымен бірге моншаға түсе береді екен. Анадан жаңа туғандай жалаңаштанып, бәрі бір моншада жүре береді. Алдында келгенде естігем, бірақ сенбеп едім. Осы жолы бұлар соны қалыпты жағдай деп айтып бергенде кәдімгідей шошыдым. Алла сақтасын, қорқынышты нәрсе екен», - деді Қарақат Әбілдина.


Өнерлі жұптың емделуге барғанын естіген желі қолданушылары ақ тілегін жаудырды. «Немістердің тамағы Қыдекеңе жаққан ғой, толысқан сияқты. Сен тамақты жөндеп бермейсің ғой», «Емдеріңіз шипалы болсын!», «Қыдекеңе ұзақ өмір тілейміз, елге қуанышпен орала беріңдер» деп жазды көпшілік.