Аша Матай: "Күйеуім бірінші баладан кейін басқа бөлмеге жататынын айтты"

0
914

Әншіні оқырмандары сынға алыпты.


Аша Матай:

Белгілі әнші, тележурналист Аша Матай өзінің отбасындағы қызықтарымен бөлісті. Ол өзінің алғаш ана болған кездегі отбасылық оқиғасын айтып, тыңдармандарына ой салуға тырысқан сияқты.

Аша Матай: "Бірінші бала дүниеге келгесін, үшінші түні Арман "Мен шаршадым, ұйқым қанбайды. Басқа бөлмеге жатайыншы" деді. Мен "Айналайын, қайдағы басқа бөлме?! Мен де кетіп қалайын онда, бала өзімен өзі жата берсін" десем, ойланып қалды.

Содан кейін "Менің балам - сенің балаң! Ол екеумізден басқа ешкімге керек емес, екеуміз бірге қарауымыз керек. Мен де шаршадым, менің де қашқым келіп тұр. Бірақ қайтеміз, амал жоқ дедім. Содан кейін бәрі жақсы болып кетті" дейді күліп.


Әншінің бұл сөзін естіген тыңдармандары мен желі қолданушылары оны қолдап, ана мен әкенің қызметі бірдей болуы керек десе, кейбір оқырман оның ойына қарсы шыққан.

Олар "Күйеудің ұйқысы тыныш болсын деп бөлек жатқызамыз. Бұлар еркелеген" деп жазғырса, кейбірі ерлі-зайыптылардың әңгімесін сыртқа шашуы ерсі деп бағалаған.