​«Аты ғарышқа ұшсын!»: Димаштың жанкүйерлері ерекше сый жасады

0
2 895

«Әлемге мейірім мен махаббат сыйлашы»


​«Аты ғарышқа ұшсын!»: Димаштың жанкүйерлері ерекше сый жасады


Қазақтың мақтанышы, талантты әнші Димаш Құдайбергеннің америкалық жанкүйерлері ерекше тосынсый жасап, қуантты. Шетелдіктер әншінің есімі жазылған, фотосы басылған баннерді Тынық мұхитының үстінен ұшақпен ұшырып өтті. Оны жағалауда демалып жүрген мыңдаған адам тамашалады.


Димаш Құдайбергеновке бұл сыйлық ерекше ұнаған. «Жеті жылдан бері қымбаттыларым мені таңғалдырудан шаршамай келеді. Бұл жолы америкалық фан-клуб Лос-Анджелесте ұшақпен шоу ұйымдасыру арқылы ерекшеленді. Көп рахмет, жақсы көрем» деп жазды ол «Инстаграмдағы» парақшасына.


Әншінің әлемнің әр түкпіріндегі тыңдармандары бұл тосынсыйға ерекше ықыласын білдірді. «Алладан “Махаббат бер маған, ешкімде ешқашан болмаған” деп тілеп ең, Алла лезде тілегіңді қабыл етіп, ешкімде болмаған махаббат сыйлады саған. Ұшаққа атың жазылды, бірнеше елде сенің атыңда радио жұмыс жасайды, атың көкте қалықтап ұшты, dears-тарың сенің тегіңді алып жатыр. Димаш деген ат қоюшыларды мүлде айтпай-ақ қояйық. Айта берсек бітпейді, бұл тек қазір есіме түскендері ғана...», «Димаш әрқашан шығармашылығымен көгімізде қалықтай береді. Ал біз сенің ерекше даусыңды естігенде қуаныштан қалықтаймыз», «Айналайын, Димаш, атың әлемді шарлап ұшсын, ғарышқа ұшсын! Өнеріңмен күллі адамзатқа мейірім мен махаббат сыйлап жүре бер» деп жазды көпшілік.