"Ауытқуы бар адамды қоғамға қосуға қарсымын!": Жұлдыз Абдукаримова жан айқайын жеткізді

0
1 772

Жұлдыз Абукаримова: "Таңда бір, түсте бір баланы өлтіріп тастайтын қандай елге айналдық?"


Кішкентай қыздардың жантүршігерлік оқиғаларына қатысты өнер жұлдыздары да өз пікірлерін ортаға салып, дабыл қағуда. Солардың бірі - Жұлдыз Абдукаримова.

Ол психологиялық ауытқуы бар адамдардың түрмеде жазасын өтесе де қоғамға қайта қосылуына қарсылық білдірді.

Жұлдыз Абдукаримова: "Сұмдық! Таңсәріден әлемжеліні аша қалсам, Сарыағаштағы 5 жасар қыздың зұлымның қолынан қаза тапқанын оқыдым. Жүрек қан жылап жатыр. 5 жастағы қызды ЗОРЛАП өлтірген.
Бұл не сұмдық?
Заман ақыр келген бе?
Адам деп айтуға аузым бармайды. Ол бұған дейін “кісі өлтіргені” үшін 10 жыл абақтыда болған екен.

Осындай психологиялық ауытқуы бар адамды қанша жыл түрмеде отырса да қайта қоғамға қосуға қарсымын!
Президент істің қалай болғанын анықтауға тапсырма берді. Қаскөй ұсталды БІРАҚ бүлдіршін зорланып өлді. Оның отбасына қалай көңіл айтпақпыз? Қалай жұбатпақпыз?
Ойбайлап, мән-жайды білмек болып, ақпарат іздеп жатқанымда түске қарай Алматыда 7 жасар қызды “дәретін ұстай алмағаны үшін” өгей шешесі ұрып өлтірген.
Таңда бір, түсте бір баланы өлтіріп тастайтын қандай елге айналдық?
Елдегі балалар құқығы туралы қаудаланған сұрақтар көкейімді тесіп жүргелі біраз болған. Жауаптыларды сөйлететін уақыт келді!".


Мұны оқыған желі қолданушылары мен актрисаның әріптестері қолдау білдіріп, осы істе бірігуге шақырған.