​«Баламның әкесі - Бейбіт Қорған»: Атыраулық әйел әншінің үстінен арыз жазатынын айтты

0
3 656

«Ол мені жұлқылап, төсекке сүйреді»


​«Баламның әкесі - Бейбіт Қорған»: Атыраулық әйел әншінің үстінен арыз жазатынын айтты

Әнші, кезінде «Шоқ қыздар» әнімен талайлардың жүрегінен орын алған Бейбіт Қорғанның некесіз баласы бар көрінеді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды.


Бағдарламаға келіп, өзін Нұргүл Зиханова деп таныстырған әйел Бейбіт Қорғанмен 5 жыл бұрын Атырау қаласында танысқанын жеткізді.


«Менің Әлихан деген екінші баламның әкесі – Бейбіт Қорған. Мен оған сенімдімін. Бейбітпен 2018-жылы қараша айында Атыраудағы «Минутка» дейтін караокеде таныстық. Бейбіт бірінші қабатта отырған екен. Басында байқамадым. Құрбым билеп жүріп Бейбіт Қорғанмен фотоға түсіп, танысып қалған. Бейбіт оны үстеліне шақырған. Екеуі номер алмасқан. Кейін біз басқа кафеге тамақтануға шығып кеттік. Сол жерде құрбым онымен хат алмасып, сөйлесіп отырған екен. «Бейбіт Қорған өзі тоқтаған қонақүйге шақырып жатыр» деді. Танымал әнші болғасын және әндерін жақсы көргендіктен құрбыммен еріп баруға келісімімді бердім.


Таңғы 5-6-ның шамасы болатын. «Қазақстан» деген қонақүйге бардық. Алдымен төменгі қабаттағы холда отырдық. Мен ол кезде Бейбітпен сөйлеспедім. Тек құрбым екеуінің әңгімесін тыңдап отырдым. Олар ішімдік ішіп отырды» деді Нұргүл.


Кейін құрбысы мен Бейбіт Қорған сөзге келіп, құрбысы ашуланып кетіп қалған. Ал ішіп-жеген тамақтың ақысын әншінің өзі төлепті.


«Бір ай өткеннен кейін Бейбіт жаңажылдық кешке ән айтуға келді. Алдын менің телефонымды жазып алған. Сондықтан мені «Қазақстан» қонақүйіне шақырды. Достарымен отыр екен, мені «қарындасым» деп сол жердегілерге таныстырды. Негізі мен оның үйленген адам екенін білдім, алғашқы кездесуде жасырмай айтып берген.


Біз бірнеше рет кездестік. Жақындасу кезінде де өз еркіммен берілген жоқпын. Нөмеріне барудағы мақсатым да тек жай ғана отырып, әңгімелесу еді. Бірақ ол мені жұлқылап, төсекке сүйреді. Мен де кішкене қарсылық танытқаныммен, іштей оны ұнаттым» дейді Нұргүл.


Бейбіттен бала таптым деп отырған әйелдің мамандығы аспаз екен. Бірақ ол салада көп істемеген. Бертін келе фотограф боп еңбек еткен. Ал қазір моншада әкімші боп жұмыс істейді.


«Бейбіттен бала табу ойымда болмаған. Жүкті екенімді білгенде айттым, бірақ ол «алдырып таста, менікі емес» демеді. Жай ғана «өзің біл» деді, болды. Бұзылған телефонымда екеуара сөйлескен хаттарымыз болатын. «Тыныш жүр. Ешкім біліп қоймасын» деп жазғаны бар. Ұлы барын біледі, суреттерін де жібергем.


Әлиханның туабітті бүйрек ауруымен есепте тұрады. Гидронефроз деген диагноз қойылған. Зәр шығару қызметі бұзылған. Тұрақты ем алып тұрамыз. Бірақ балама операция жасату керек. Стенд қойдырыңыз деп отыр. Баламның диагнозын да басқасын да Бейбітке жібергем. Ол «ауруханаға жатқызып берейін, бірақ мұны ешкім білмесін» деді. Бар көмегі осы болды. Ақша берген емес» дейді Нұргүл Зиханова.


Бейбіт Қорғанның өзі «Астарлы ақиқат» бағдарламасының тілшілері телефон соққанда ешкімді танымайтынын алға тартты. «Сенен балам бар деп кім көрінген келсе, жүгіріп барып ДНК тапсыра беруім керек пе? Мен ешкімді көргім келмейді, Нұргүл деген адамды танымаймын. Бағдарламаларыңызға бармаймын» деді әнші.


Ал Нұргүл соңына дейін күресетінін, қажет болса Бейбіт Қорғанның үстінен әкелікті анықтау туралы арыз жазатынын айтты.